Адамзат өмірінде көптеген кедергілер мен қиындықтарды жеңгенде ғана, алға қойған мақсатына жетеді. Мақсатқа жету жолында ізденеді, игі бастамаларды ойластырады, айнала қоршаған ортадағы жақсы мен келеңсіздіктерге пікір айтады. Білімге ұмтылады. Отбасында өнеге танытуға тырысады. Жастар тұлғалардан үйренуден жалықпайды. Білім жолында көптеген кітаптарды оқиды. жан – жағындағы көмек қолын созған жандарға қайырымдылық жасауға тырысады.    

  Қазір еліміз бойынша кітапханаларда жүргізіліп жатқан «Сыйлыққа кітап сыйла» акциясы да қайырымдылық. Үйде шкаф сөрелерінде тұрғанкітаптарды ауыл адамдары, ұстаздар мен оқушылар әкеліп, мектеп кітапханасына сыйға тарту – игі дәстүрге айналуда. Біздің мектебіміздің кітапханасында «Буккросинг – бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі немесе Bookerossing — Книговорот» акциялары жүргізілуде. Бұл үшін аранйы бұрыш ұйымдастырылып, оқушылар кітапханаға келгенде қалаған кітаптарымен танысуы үшін орындықтар қойылды.

  «Сыйлыққа кітап сыйла» акциясына мектебіміздің ұстаздары бей – жай қарамай, белсенділік танытуда. Атап айтсақ, директордың бейінді ісі жөніндегі орынбасары Ниязкулова Динара Өмірқұлқызы, «Кәсіптік бағдар беруші» педагог Жакен Айнұр Жамбылқызы, директордың құқытық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Аманжол Нұрболат Ерқазыұлы, география пәнінің мұғалімі Сабалақова Марал мен Мелдібаев Ерлан Мекежанұлы бірқатар кітаптарды тарту етті.

  Мелдібаев Ерлан Мекежанұлы бірқатар кітаптарды тарту етті.


 Бүгін біздің алдымыздағы көркемділігі жағынан саналуан, әртүрлі кітаптардың  шығу тарихы ежелден басталады. Адамзат тарихындағы тұңғыш кітапбұлжартас бетіне таңбаланған тас кітаптар.Месопотамияда тұрған адамдар бұдан сан мыңдағанжылдар бұрын балшыққа жазатын болған. Алдыменбалшықтан тақта даярлаған. Тақтаның бетінеұшталған таяқшамен сына тәріздес таңбалар түсірген. Бұл сына жазуы деп аталады. Американдық үндістербизонның терісіне сурет-жазулар салатын болған. Хабар-ошарды әр түрлі түйілген жіптер (кипу) арқылы да беруге болады екен.Ертедегіегипеттіктердің иероглифтерді тақтаға бейнелеген. Мұндағы әр бедер бірбір сөздің орнына жүреді.

    Әлемнің әр түрлі елдерінде жазу материалы ретінде пергамент — жануарлардың иленген терісі пайдаланылған. Папирусқа қарағанда пергамент өте қолайлы еді: емін-еркін бүктеуге де болатын. Оның осы ерекшелігі жаңа пішінді кітаптардың пайда болуына мүмкіндік жасады. Кейбір халықтар жазу үшін қолда бар дүниелерді пайдаланды. Тибет кітабықабат-қабат жиналатын жұқа тақтайшаларданжасалынған.

   Қазақ қауымына арналған алғашқы кітаптар ХІХғасырдың бас кезінде шығарылды. Осы ретте, қазақбаспа кітабы тарихы дәуірін негізгі үш кезеңгебөлеміз. Бірінші кезең -1807-1867 жылдар, екіншісі-1867 1900 жылдар аралығын қамтыса, ал үшіншікезең 1900 1917 жылдарды қамтиды. Алғашқыкезеңнің 1807 жылдан бастау алатындығынеліктен деген сауал туындар болса, яғни дәл осыжылы Қазан университеті баспаханасынан қазақтыңтұңғыш баспа кітабы шағатай тілінде «СейфілМәлік» қиссасы жарық көрген.

                                       ТАНЫСХОЖАЕВА Гүлбайра Беделханқызы,

                                                                Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы,

                                                                              Т.Рысқұлов атындағы мектеп

                                                                                            кітапхана меңгерушісі

дереккөзі: unifage.kz

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *