Мектебімізде  «Мектепке арналған  PISA» зерттеуінің  мақсаты       мен  маңыздылығы»  атты тақырыпта аудандық оқыту семинары өтті.

                                   «Балаларға өз  бетімен зерттеуге мүмкіндік

                                    туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі».

                                                                                          Питер Клайн,

                                                                     ұлы ойшыл

   «Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  «Еңбек орта мектебі Өрнек бастауыш мектебімен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі аудан мектептерінің ұстаздары қатысқан «Мектепке арналған PISA» зерттеуінің  мақсаты мен маңыздылығы» тақырыбында аудандық оқыту семинарын өткізді.

   PISA зерттеуі (Programme for International Student Assessment) – Халықаралық Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы ЭЫДҰ (OECD — Organisation for Economic Co-operation and Development) жүзеге асыратын бағдарлама.Еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне қатысты. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. Бұл әрбір қатысушы елге білім беру жүйесінің стратегиялық мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан PISA – 2009 халықаралық зерттеуіне тұңғыш рет 15 жастағы оқушылардың білім сапасын анықтау үшін дәйекті ақпарат алу мақсатында атсалысты. Біздің еліміз үшін бұл бағдарламаға қатысуға білім берудің бақылау бағалау жүйесін реформаландырудың қажеттігін ескертетін бірқатар факторлар, атап айтар болсақ қазақстандық білім беру жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуі негізгі себеп болды.    

   PISA Халықаралық зерттеуі оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша PISA Халықаралық бағдарламасы оқушылардың оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу машықтарын, нақты бір оқу пәндерімен тікелей байланысты емес мәселелерді шеше білу құзіреттіліктерін бағалауға бағытталған.

  Зерттеу талаптарына сай семинардың жалпы мақсаты: «PISA» Халықаралық зерттеуде ұйымдастыру және өткізу бойынша ұстаздар іс тәжірибемен бөлісті.  Аудан мектептерінің  қазақ тілі, орыс тілі және математика пән мұғалімдері  қатысты. Семинардың  ашылуын аудандық білім бөлімінің әдіскері Тортаева Айжан Тоғанбайқызы бастап, «PISA» халықаралық  зерттеуді ұйымдастырудың жолдары туралы түсіндірді.Мектеп директоры Аида Рустамқызы Есенбаева кіріспе сөз сөйлеп, мәлімдеме  жасады.

   МДӘІЖО Жанаева Б.Н. мен тарих  пәнінің мұғалімі А.К.Ашкеева «Жаһандық құзіреттіліктер функционалдық сауаттылықтың компоненті ретінде» тақырыбын негізге ала отырып, жалпы  пән мұғлімдеріне түсіндіріп өтті. Мектеп  психологі  Имерова Ф.А  оқушылармен  жүргізілетін  тренингтерге тоқталып кетті.Семинардың ашылуынан кейін, пән мұғалімдері қолдарына берілген бағдарлама бойынша кабинеттерге бөлініп, бағдарлама бойыншажұмыстар жүргізілді. Мектепте қазақ тілі, орыс тілі, математика пәндерінен шебер сыныпсабақтары өткізілді.

 «Қазақ  тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында пән мұғалімдері Кеклова А.М. мен Сабитжан М., математика пәнінен «Математика пәнін оқыту барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру», «Формирования математической грамотности на уроках математики» пән мұғалімдер Тохтарбаева М.У. мен Бақытбек Т., орыс тілі пәнінен «Эффективные практики, способствующие повышению уровня читательской грамотности на уроках»  пән мұғалімдері Мирова Г.А. мен Жалгасбаева Ж.К.  ұстаздар шебер сынып өткізіп, тәжірибе алмасты.

  Семинар соңында пән мұғалімдері мен келген қонақтар мәжіліс залына семинардың қорытындысын шығардып, пікірлерімен бөлісті. Пән мұғалымдерімен кері байланыс орнатылды.Аудан  мектептерінен келген ұстаздар бүгінгі семинар туралы ойларын жазбаша қалдырды. Ұстаздар пікіріне сүйенсек, мектебіміздегі  аудандық оқыту семинары жоғары дәрежеде өтті.

КЕКЛОВА Алма Мукамгалиевна,

«Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша  

білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  

«Еңбек орта мектебі Өрнек бастауыш мектебімен»

-коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *