Үй ішіндегі сөрелерді ашып қалсақ, белгілі бір кітаптардың тұратыны анық. Алайда ол кітаптарды жиі оқымайтынымыз рас.

Байқасақ қазір әдеби кітаптар нұсқалары қайта жаңартылған. Яғни оқырманның «қызығулышылығын ашуға тағы бір қадам» десек болады. Және сол үшін  сіздерге одан да қызық ақпарат айтсам ба деймін.

Жалпы “ комикс “ деген нәрсені білесіз бе? Комикс — кітап пен кино саласын байланыстыратын туынды. Ерекше кітап.

       Комикс (ағылш. comic — күлкілі) — суретті әңгімелер, комикс әдебиет пен бейнелеу өнері секілді өнер түрлері сипатты.

Комикстың көптеген анықтамалары бар. Олардың барлығы ақыр соңында оның белгілі бір әңгіме туралы сөз шертетін суреттердің тізіміне сай келеді. Комикс — бұл хикая мен визуалды іс-әрекеттің бірлігі. «Комикстің мәні» (ағылш. Understanding comics) атты кітабында Скотт МакКлауд «бірізді кескіндер» іспетті қысқаша және «мағыналық бірізділікте көршілес суреттердің және басқа да кескіндердің» анықтама береді.

Комикстарда мәтіннің болуы қажет емес, интуициялық түсінікті сюжеті бар «мылқау» комикстер де бар (мысалы, «Арзак» Жана Жиро). Бірақ көп жағдайда комикстерде төл сөз автордың аузынан «үрленіп шығатын» филактердің — «сөздік көпіршіктің» көмегімен беріледі. Автор сөзі кадрдің үстінде не астында беріледі. Стандартты комикс 17х26 см мөлшерлі болып келеді.

Комикстер әдеби жанр бойынша, сурет салу жағынан да әр түріл болып келеді. Классикалық әбебиет туындыларынын еңбектері де комикс түріне бейімделеді. Тарихи қалыптасқан түрі қызықты оқиға түрі.

Қазірде жасөспірім балалардың қолынан түспейтіні  де осы кітап. Шыны керек бұл “комикс” туындысы шыққалы бері балалардың да ата-аналардың да көңілдері риза. Әрі ең бастысы ұялы телефон қажеттілігін азайтты. Балалар “комикс” оқуға асық болса, ата-ана бала ісінің дұрыстығына қуануда. Тіпті әлеуметтік желілер де ата — аналардың “комикс” кітабына жазған пікірлерінен ақ,бұл кітаптың ерекшелігін байқауға болады.

Кітап ішіндегі шытырманды оқиғалар суреті, жеңіл мәтіндері әр оқырманның кітапқа деген қызығушылығын оятуы сөзсіз. Бірақ «комикс» кітабының қазақша нұсқалары өте аз. Және сол дүние үшін қазір көп жұмыстар жасалуда.

Алда қазақша нұсқадағы комикс кітаптар көп шығады деген үміттеміз!Ол үшін сіз де мен де комикс кітап жаңалықтарынан хабардар болайық.

 

 

 

БИСЕМБАЕВА  Гульнасип,

Атырау қаласының №10 Сабит Мұқанов

атындағы мектептің 11 сынып оқушысы.

Сурет “ Aikyn.kz “ — сайтынан алынды.

Дереккөзі: «Уикипедия» ашық энцеклопедиясы

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *