«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Шығармашылық

Сахна сырына саяхат

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Осыдан үш күн бұрын мен Алматы  қаласына келген едім. Сол сапарымда көбіне бұйырмас бақыт-театрға бару бақытына ие болдым. Бір ғасырға жуық тарихы бар Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына бардым. Бұл мен үшін ұмытылмас естеліктер қалдырған ерекше күн болды. Театрға кірген сәттен-ақ өзімді мүлде басқа әлемге енгендей сезіндім. Үлкен әрі әдемі зал, жарқыраған шамдар, сәнді орындықтар, театрға ғана тән ерекше атмосфераның барлығы әсер қалдырды. Сахнаға қараған сайын жүрегім толқып, қойылымның басталуын асыға күттім, себебі сахна сыртына сапарға шыққандықтан, сол сәттегі актерлердің ішкі сезімін түсінгендей болдым. Театрдың ішін аралап болған соң, қойылымның басталғанын асыға күттім.

Қойылым «Наурыз» тақырыбына байланысты болды. Қазақша киім киген ұл-қыздар, ұлттық аспаптың әсем әуені, пианиноның даусымен шырқалған өлең-шумақтардың бәрі-бәрі ерекше сезім қалдырды. Қойылымды шырқап  жатқан актерлердің шеберлігін таң қалдырды. Көрерменнен ұялмаудың өзі театрдың өнер ошағы екендігіне дәлел болды. Түсінгенім, театр тек ойын-сауыққа арналған емес,тәрбиеге бағытталған мәдениет ордасы екен. Театрда көрсетілген әр қойылым мен әр өлеңнің өзінде бір мән бар. Егер сен де осы сезімді сезінгін келсе, театрға бар. Мүмкін сен де сахнадағы ғажайып әлемге ғашық болып қаларсың!

СЕРИКБАЕВА  Аяулым,

Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы

«Зият» мектебінің 11 сынып оқушысы.

Шығармашылық жетекшісі: Гүлім Мырзахмет,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

 

Сәйкес жаңалықтар

Менің әкем

farabi shakirti shakirti

Мұқағали кім десе жалын дер ем

«Атама»

farabi shakirti shakirti