«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

«Туған жер, өзің дегенде»

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Туған жер-дүние есігін ашқан сәттен-ақ жүрегіңе ыстық басылатын сенің мекенің. Әр тұлға өзінің кіндік қаны тамған жерін ерекше сыйлап, қастерлейді, себебі туған жер-ата-бабаңның көзі тірісінде саған қалдырып кеткен мұрасы.

Мен үшін осындай қасиетті мұра-Қазақстан. Қазақстан-тарихшылары айтқандай дүние ортасы, Орталық Азияның кілті мен қақпасы. Дүние есігін аша салысымен өзімнің атамекенімнің таза ауасын жұтудамын. Қазақстан мен үшін жәй мемлекет емес, Қазақстан мен үшін отбасымның бейнесі сақталған ыстық үлкен шаңырақ.

Әр қаласы мен әр бұрышы  «ОТАН»  — туған мекенін  сақтауындағы ауыр сынақтарды басынан өткерген, қиын жолда болашақ үшін күрескен бабалар бейнесі арқылы патриоттық сезім сыйлайды. Менің Қазақстанымның маған бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан халқы, ашық аспан астында асыр салған бүлдіршіндері, табиғаты  мен әсем әуенге салып  сайраған құстары  қымбат. Өйткені, кең байтақ жеріміз ата-бабамыздвн бізге мұра болып қалды. Сондықтан, оны флорасы мен фаунасын қорғау, «Таза Қазақстан» акциясына қатысып, жасыл экологияны сақтауға атсалысу – әрбір өреннің міндеті деп білемін.

Көк күмбезді ашық аспан астында желбіреген Көк туымызды бен Тәуелсізідігімізді тұғырдан түсірмеу үшін бүгінгі ұрпақ келешек үшін бар күш-жігерін арнайды деп сенемін. Солардың қатарында мен де журналист мамандығын таңдап отырмын. Күні ертең «Елім!» деп жүрегі соққан әр азаматтың жетістігін жазып, кемшілігін көрсетуге атсалысамын. Қазақстан-барлық ұлт пен халықты біріктірген Тәуелсіз мемлекет, ал мен осы мемлекеттің қорғаушысы мен мұра жалғастырушысы-атамекеннің баласымын.

СЕРИКБАЕВА  Аяулым,

Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы

«Зият» мектебінің 11 сынып оқушысы.

Шығармашылық жетекшісі: Гүлім Мырзахмет,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

 

Сәйкес жаңалықтар

Өз қабілеттеріңді қалай ашуға болады?

Білім белесін бағындырды

Жанарына жас толтырып, жас сәбидің

farabi shakirti shakirti