Сурет: ЖИ, жолдаған автор
Биыл Хантәңірдің мұзбалағы, қазақ поэзиясының алыбы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтің туғанына 95 жыл. Сағат сырғып, минут жылжып, ғасырлар ауысса да ақынның рухы бізбен бірге жасап келеді.
Оның жырлары — кең далада кезіккен жауһардай жарық ананың ақ сүтіндей қасиетті.
Мұқағали Мақатаев өзінің аз ғана ғұмырында 45 жыл ішінде артына сөнбейтін шырақ, өшпес мұра қалдырды.
Ақынның тұңғыш өлеңдері «Қырман басында», «Қойшы бала – Әкітай», өлеңдері аудандық «Советтік Шекара» газетінде жарияланды. Алғаш ақынның талантын бағалаған Ә. Тәжібаев “ Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген екен.
Менің ойымша, Мұқағалидің туындысын оқыған әрбір оқырман ерекше күй кешетін секілді. Оның өлеңдері өзге ақын, жазушыларға мүлдем ұқсамайды. Өзіне тән белгілі жазу үлгісі бар. Байқасаңыз біршама өлеңдері қарапайым өмірден алынған. Тіпті өлеңін оқып отырып өте жеңіл түсінуге болады.
Ақынның өз сөзімен айтқанда:
Ақынмын деп мен қалай айта аламын, халқымның өз айтқанын қайталадым. Күпі киген қазақтың қара өлеңін шекпен жауып өзіне қайтарамын, деген ерен жырдың жаратушысы.
Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді. “Ғасыр ақыны ”атанған Мұқағалидің жырлары уақыт өткен сайын құндылығын арттыра бермек. Мұқағали мұрасы — ұлтымыздың алтын қоры, қазақ халқының таусылмайтын қазынасы. Мұзарт шыңның мұзбалағы, қара өлеңнің киесі-Мұқағали есімі ұлтымен
бірге мәңгі жасай береді.
АБДРАХЫН Ажар Ерланқызы,
Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл-қайрат ауылы,
«№19орта мектеп-гимназиясының» 11 сынып оқушысы
