«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Әлеуметтік желі – мүмкіндік пе, әлде тәуелділік пе?

Бүгінде әлеуметтік желісіз өмірді елестету қиын. Instagram, TikTok, Telegram сияқты платформалар адамдардың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Әлеуметтік желі арқылы адамдар ақпарат алып, байланыс орнатып, өз ойын еркін жеткізе алады.

Әлеуметтік желінің пайдалы тұстары өте көп. Біріншіден, адамдар әлемдегі жаңалықтарды жылдам біледі. Екіншіден, онлайн оқу мен кәсіп дамытуға мүмкіндік бар. Қазіргі таңда көптеген жастар әлеуметтік желі арқылы табыс тауып жүр. Блог жүргізу, жарнама жасау, онлайн сауда – жаңа заманның мүмкіндіктері.

Сонымен қатар әлеуметтік желінің зияны да аз емес. Кей жастар уақытын бос өткізіп, телефонға тәуелді болып кетеді. Ұзақ уақыт экранға қарау денсаулыққа да әсер етеді. Бұдан бөлек, жалған ақпарат пен кибербуллинг мәселесі де қоғамда жиі кездеседі.

Сондықтан әлеуметтік желіні дұрыс пайдалану өте маңызды. Әр адам уақытын тиімді жоспарлап, интернеттегі қауіпсіздік ережелерін сақтауы керек.

УЛЖАБАЕВА  Алмагуль,

Алматы облысы,  Жамбыл ауданы,

«Қарғалы №3 орта мектебінің» 11«А»  сынып оқушысы

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы мен  www.farabishakirti.kz

желілік басылым сайтының  Жас  тілшісі

Шығармашылық  жетекшісі: Жақыпбек Елдар Еркінұлы,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі,

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Телефонға тәуелділік – ХХІ ғасыр дерті

Референдумдағы белсенділік

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы-табиғатты аялаудың бастамасы