«Ұлттық кітап» күні

Абай Құнанбайұлы:
«Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге».
23 сәуір жай күн емес, ұлттық кітап күні. Бұл күнді Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаев 2024 жылы бекіткен, ал 2025 жылы ресми түрде алғаш рет еліміздің барлық өңірінде «Ұлттық кітап» күні тойлана бастады. 23 сәуір күні ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық» күнімен сәйкес келеді. Қазіргі таңда халық,көбінесе жастар кітап оқуды қойды. Кітапті қазіргі заманда ұялы телефон алмастырды. Бұл мерекенің мақсаты елімізде кітап оқу мәдениетін арттыру, білім мен ізденісті дәріптеу еді.
Бүгінгі Қазақстан телеарнасындағы жаңалықтарда, Павлодар қаласында орналасқан орталық кітапхана жайлы айтылды және бұл қаланың саябағында «Кітап күші» деген жазумен мүсін салынған. Павлодарлық тілші, қоғам қайраткері Советқазы Нұрсилә ағадан сұхбат алу барысында, ағаның мына «Білім аламыз десек, кітапты көп оқу керек. Кітапта жазылып тұр көп нәрсе. Ғылым, білім бәрі кітапта» сөзі есімде қалып кетті.
Ал кітапханаға келетін болсақ, кітапханада 500 мыңнан аса кітап бар. Олардың 4 мыңға жуық сирек кездесетін қорда сақтаулы. Кітапханада 12 жыл бойы кітапханашы болып қызмет атқарып келе жатқан Салтанат Жангазинованың айтуы бойынша: «Қазіргі заманда оқулық бар, оқырман аз» дейді. Бүгінгі тағы бір жаңалықтарда Алматы облысынан шыққан 17 мыңды қамтитын кітап керуені Тараз қаласына жеткізілді дейді. Бұл кітаптар өңірдегі 340 ауылдың мектебіне таратылды және Абай облысына 14 мың кітап жеткізілгенін хабарлайды. Ал «Алатау» телеарнасында 21 сәуір күні Алматы қаласындағы бесінші оқушылар үйінде ұлттық кітап күніне ауқымды іс-шара өткенін хабарлайды.
Бұл іс-шара кезінде кітап көрмесі, әдеби кездесулер мен оқу марафондары ұйымдастырылды. Ұлттық кітап күніне байланысты «instagram» желісінде әлем әдебиетінің үздік туындыларын қазақ тілінде шығаратын «Steppeworld» баспасы байқау ұйымдастырып жатыр және шарттары өте қызықты. Байқаудың шарттары сіз сыныбыңызбен бірге осы баспанын кітабымен бейнеролик түсіресіз және лүпілі мен бөлісуі көп болған бейнеролик жеңеді. Жүлде қоры 500 кітап және 3 миллион теңге. Осылайша қазіргі кезде ұлттық кітап күні тойланды. Еліміздің әр өңірі бұл күнді ерекше тойлайды және көбісін біз естімей немесе көрмей қалуымыз әбден мүмкін. Сіздерді кітап оқуға және 23 сәуір ұлттық кітап күнін ұмытпауға кеңес беремін.
СӘТБАЙ Мәншүк,
Ақтөбе қаласы,
«Смарт-Білім» мектеп-гимназиясының 11 — сынып оқушысы.
Шығармашылық жетекшісі: Әйгерім Есімхан,
«Алатау» телеарнасының тілшісі











