Шабыт — көбінесе шығармашылық тұлғаға тән қасиет. Неге дәл шығармашылық тұлға? Себебі: ақындар, суретшілер, музыканттар ішкі түйсігіне сүйенеді. Олар үшін шабыт кез-келген сәтте келе қоймайды. Ал шабыты келген кезде оларды тоқтату қиын. Дәл сол сәтте олар ойындағы нәрсені бірден жүзеге асырады. Қызық… Бірақ шабыт қалай келеді? Немесе адамдар шабытты қайдан алады? Мысалы: Суретшілер. Табиғаттан немесе әдемі көріністен. Соған қараған сәтте ойына бірден тың идеялар келуі мүмкін. Бәлкім шабыт келуі үшін кез-келген адамның өмірінде бір оқиға болуы да әбден мүмкін. Музыканттар, жазушылар көп жағдайда өзінің бастан кешкен оқиғалар желісінің негізінде халыққа жеткізеді. Немесе алдына мақсат қояды. Сол мақсаты арқылы, Мақсатына жету жайында. Шабыт отбасынан, достарынан келуі мүмкін.
Мен де шығармашылыққа жақынмын. Яғни жеке өзіме жуық арада шабыт келуі екі талай. Шабыт аяқ асты тууы мүмкін. Бір жұмысты бастау қажет кезде қолдау мен шабыт болуы тиіс. Осы жылғы менің мақсатым ҰБТ-дан жоғары балл жинап, грантқа түсу. Ол үшін әрине көп еңбектену қажет. Сол себепті мен күн-түн демей оқып, білімімді шыңдаудамын. Мені осы кезде шабыттандыратын бір үлкен нәрсе бар. Ол… Ата-анамның маған деген сенімі. Бұйырса, менің қызым грантқа түседі деген сөздері. Мені барынша қолдап, басынан бастап маған сенім артып келеді. Сенің қолыңнан бәрі келеді деген бір ауыз сөз мені одан сайын шабыттандырады. Алдағы уақытта осы шабытымды жоғалтып алғым келмейді. Қандай да іс бастар кезде дәл осы сөзді еске аламын. Сіздерге айтарым қорықпаңыздар. Ойларыңыздағы керемет істерді жүзеге асырыңыздар. Егер ниет түзу болса, әрекет жасап бастасаңыз бәрі өзі-ақ келе бастайды.
Шабыт, құштарлық, сенімділік. Бәрі біріксе сіз ойлағаннан да ерекше бір дүние туындайды. Сондықтан шабытты қайдан алам демей тек бірден бастаңыз!
АБДРАХЫН Ажар Ерланқызы,
Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл-қайрат ауылы,
«№19 орта мектеп-гимназиясының» 11 сынып оқушысы
