«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Неге қарапайым болу қиындап кетті?

? Сурет: ЖИ көмегімен жасалынды (Жасанды интеллект).

Жолдаған: автор АБДИРАЗАКОВА  Кәусар

Қазір әлеуметтік желіге кірсең, бәрі әдемі өмір сүріп жатқандай көрінеді. Біреудің жаңа телефоны бар, біреу қымбат киім алады, енді бірі күн сайын түрлі жерлерден сурет салады. Осының бәрін көріп отырып, кейде өз өміріңді де басқалармен салыстырып кетесің. «Менде неге бұлай емес?» деген ой келеді. Қазір кейде заттың өзінен гөрі оның басқаларға қалай көрінетіні маңызды болып кеткендей. Әрине, жақсы киінудің, әдемі зат алудың жамандығы жоқ. Бірақ солар болмаса, өзімізді өзгелерден төмен сезіне бастасақ, мәселе сонда.

Мұндай жағдайды жастардың арасынан да байқауға болады. Біреудің телефоны жаңарса, екіншісі де жаңасын алғысы келеді. Біреу белгілі бір киімді кисе, басқалар да соған ұмтылады. Кейде адамның өзіне не ұнайтынынан бұрын, жұрттың не ойлайтыны маңызды болып кетеді. Меніңше, қарапайым болу деген ескі киім киіп, ештеңеге қызықпау емес.

Ол — өзіңді басқалармен салыстырмай, қолыңдағы нәрсені бағалай білу. Қымбат телефоның болмаса да, жақсы адам бола аласың. Әдемі суретің болмаса да, өмірің қызық болуы мүмкін.Біз кейде өзгелерге ұнауға көп күш жұмсаймыз да, өзіміздің шын мәнінде не қалайтынымызды ұмытып кетеміз. Біреуге дәлелдеудің қажеті жоқ нәрселер үшін уайымдаймыз. Ал шын қуаныш кейде қарапайым сәттерде болады: отбасыңмен бірге отыру, достарыңмен күлу, өзің жақсы көретін іспен айналысу. Мұндай сәттерді суретке түсірмесек те, олардың маңызы жоғалмайды.

Бәлкім, өзгелердің өміріне қарауды азайтып, өз өмірімізге көбірек көңіл бөлуіміз керек шығар. Өйткені бәріне ұнауға тырысып жүріп, өзімізге ұнайтын өмірді ұмытып кетуіміз мүмкін. Қарапайым болу қиын емес. Ең қиыны — өзгелермен жарыспай-ақ, өзіңе риза болуды үйрену.

АБДИРАЗАКОВА  Кәусар,

Алматы облысы, Кеген ауданы,

Кеген ауылы, «Ө. Жанабаев» атындағы орта

 мектептің 11-сынып оқушысы.

Сәйкес жаңалықтар

Орталық Азия мен Қазақстанда алғаш рет авиациядағы гендерлік теңдік бойынша ИКАО аймақтық шарасы өтуде

Майра Мелдебекова оқу-ағарту бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Бақыттың қарапайым формуласы

farabi shakirti shakirti