«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Мамандығым – өмірім

Неге қазіргі жастар өз мамандығында жұмыс істегісі келмейді?

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

«Сүйікті мамандық – жетістікке бастайтын сенімді жол». Алайда қазіргі таңда кейбір жастар өздері оқыған мамандығы бойынша жұмыс істегісі келмейді. Бұған бірнеше себеп бар.

Біріншіден, жастардың көбі өз қалауындағы емес, ата-анасының таңдаған мамандығына түседі. Соның салдарынан кейін сол салада еңбек етуге қызығушылығы болмайды.

Екіншіден, цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты жаңа кәсіптер пайда болып, кейбір мамандықтарға сұраныс азайды немесе олардың бірқатар міндеттерін жасанды интеллект пен автоматтандыру жүйелері атқара бастады.

Үшіншіден, кейбір талапкерлер «грантқа түссем болды» деген оймен өзіне ұнамайтын мамандықты таңдайды. Нәтижесінде оқуды аяқтағаннан кейін сол салада жұмыс істеуге ынтасы төмен болады.

Қорытындылай келе, мамандық таңдауда қателеспеу маңызды. Ең алдымен өз қызығушылығыңды, қабілетіңді және мақсатыңды анықтап алған жөн. Сонымен қатар әр мамандықтың ерекшелігін зерттеп, оның болашақтағы мүмкіндіктерін ескерген дұрыс. Тек саналы таңдау ғана адамды сүйікті кәсібіне және жетістікке жетелейді.

 САҒАТОВА  Нұрина,

Абай облысы, Семей қаласы,

«№50  IT-лицей мектебінің»

11 – сынып  оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Мен таңдаған мамандық

17 мамыр Қазақстанда байланыс қызметкерлер күні аталып өтеді

Арман мен шындық: мамандық таңдаудағы қиындықтар