Сурет: ЖИ, жолдаған автор
Қазіргі таңда ЖИ қарқынды дамып келеді. ChatGPT, Perplexity сияқты түрлі қолданбаларды оқушылар мен студенттер жиі пайдаланады. Бұл технологиялар оқу мен ізденісті жеңілдеткенімен, кей жағдайда шығармашылық ойлау қабілетінің төмендеуіне әсер етуі мүмкін. Себебі адам дайын жауапқа үйреніп қалса, өз бетінше ойлау, талдау жасау дағдылары әлсірейді. Бұл адамның ойлау процесін баяулатады. Себебі: «Ой еңбегі тоқтаған жерде, өрлеу де бәсеңдейді».
ЖИ-дың дамығаны сонша, қазір әлеуметтік желілердегі видеоларға қарап, олардың шын не жалған екенін айыра алмаймыз. Бұл жалған ақпараттың таралуына себеп болуы мүмкін.
Бұған қарамастан, ЖИ-дың пайдасы да зор. Мысалы, ЖИ арқылы тіл үйренуге болады. ChatGPT-мен
аудио арқылы сөйлесіп, ол сенің айтқаныңды тыңдап, қателіктеріңді түзете алады.
Осыдан ЖИ қауіп те, мүмкіндік те екенін аңғаруға болады. Жасанды интеллекттің қауіпті немесе мүмкіндік жағын таңдау өз қолымызда.
САҒАТОВА Нұрина,
Абай облысы, Семей қаласы,
«№50 IT-лицей мектебінің»
11 – сынып оқушысы
