«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Қоғамдағы жастардың келбеті

Жастар – қоғамның жүрегі, уақыттың ұшқыр қанаты. Бүгінгі жастар, біз болашақтың жарқын жұлдызы, мақтанышы болуымыз керек. Жастар – қоғамның қан тамыры, жаңашылдықтың алғашқы жалыны. Қазіргі жастар тек болашақтың ғана емес, бүгінгі күннің де жұлдызы болып, өз бейнесін сомдап келеді.

Қазіргі қоғамның жастары – Абайдың «толық адам» ұғымын жаңғыртқан ұрпақ. Білімге деген құштарлық, таным көкжиегін кеңейтуге деген ұмтылыс олардың басты қаруы. Әр дәуірде жастар ерекше рөл атқарғанымен, бүгінгі буынның болмысы бұрынғылардан өзгеше. Сандық дәуірдің балалары болғандықтан, олардың бейнесі тек ұлттық шеңберде ғана емес, жаһандық кеңістікте де қалыптасып келеді.

Бүгінгі жастардың ерекшелігі – олардың еркін ойлап, батыл қадам жасауында. Олар үшін шектеу жоқ, тосқауыл жоқ. Әлеуметтік желілер мен заманауи технологиялар арқылы ақпарат алмасып, әлемдік процестерге қатысу мүмкіндігі кеңейді. Әрбір жас өз идеясын іске асырып, дамытып, дәріптеп, таныстырып, қоғамға ықпал ететін күшке айналуда. Олар ғылым мен технология, мәдениет пен өнер салаларында үлкен өзгерістер әкелуде. Әрбір жас азаматтың арманы мен мақсаты қоғамның дамуына өз үлесін қосады. Ұлттың болашағы білімді, жауапкершілікті сезінетін және жаңашыл жастардың қолында екені сөзсіз.

Қоғамдағы жастардың келбеті – уақыттың көрінісі. Олар тек болашақтың емес, бүгінгі күннің де айнасы! 

ҒАНИҚЫЗЫ Дәрия,

Абай атындағы Республикалық мамандандырылған

дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін

тереңдете оқытатын мектеп-интернатының

10-сынып оқушысы.

 

 

Сәйкес жаңалықтар

Астаналық оқушы жол таңдамайтын электронды велосипед ойлап шығарды

Жаңа дем

Шығармашылық шабыт сыйлаған – К.Ф.Л.