(лат. observatіo – бақылаушы) –

Астрономиялық, физикалық, метеорологиялық, зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғылыми мекеме. Обсерватория астрономиялық бақылау жүргізуге және оның нәтижесінде алынған мәліметтерді өңдеуге арналған аспаптармен, арнаулы лабораториялық құралдармен жабдықталады; мұнаралар мен павильондардан тұрады.

Мұнара үстінде цилиндр немесе көпбұрыш пішіндес күмбез, павильонда астрономиялық аспаптарға арналған ысырылмалы қақпақ болады. Оптикалық астрономия аспаптардан үлкен радиотелескоптар ашық далада, ал бақылау аспаптары көбінесе қаладан тыс, теңіз деңгейінен едәуір биік тауларда орнатылады. Обсерваториялар адам баласының уақытты есептеу, құрлық пен теңізде жол табу қажеттілігіне байланысты ежелгі заманда пайда болған.

Ежелгі обсерваториялар құрылыстарының қалдықтары Армения мен Өзбекстанда (Ұлықбек обсерваториясы), Вавилонда, Мексикада, Перуде, Англияда, тағы басқа жерлерде сақталған. Қазіргі заманғы обсерваториялардағы көру түтігі (Г.Галилей жасаған телескоптан кейін) ХҮІІ — ғасырдың басында Еуропада жасала бастады. Астрономдар Т.Браге, В.Гевелиж, В.Гершель ашқан. Олардан кейін Еуропада Париж (1667), Гринвич жаңа обсерваториялар ұйымдастырылды. ХХ -ғасырдың ортасында дүние жүзінде обсерваториялардың саны 500-ге жетті, олардың 90%-ы Жердің Солтүстік жарты шарында орналасқан.

Елімізде Қазақстан ҒА Астрофизика институтына қарасты Каменское үстірті, Ассы-Түрген және Тянь-Шань обсерваториясы. Үшеуі де Алматыдағы Василий Фесенков атындағы астрофизикалық институтқа қарайды.

Күн обсерваториясы Іле Алатауындағы Үлкен Алматы көлі маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3000 м биіктікте, Алматы қаласынан 30 км жерде орналасқан. Обсерватория әр түрлі типтегі күн телескоптарымен, лабораториялық жабдықтармен, бақыланған материалдарды өлшейтін және өңдейтін есептеу техникасымен жабдықталған. Негізгі аспаптары: айнасының диаметрі 50 см-лік көлденең күн телескопы және ажыратқыштық күші жоғары спектрограф, Б.Лио жүйесіндегі 53 см-лік және 20 см-лік коронографтар; объективінің диаметрі 20 см-лік фотогелиограф. Бұл обсерваторияда Күн дақтарының физикасы, Күн оталысы мен Күн тәжінің физикалық құрылымы жөніндегі жұмыстар орындалды.[1][2]

Әлемдегі ең ежелгі обсерватория — Караундж, шамамен 7,5 мың жыл бұрын салынған.

Ассы-Түрген обсерваториясы

 

 

Алматыдан күн шығысқа қарай 75 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2750 м биіктікте биік таулы Ассы-Түрген жотасында орналасқан астрономиялық обсерватория. Қазақ ССР ҒА-ның Астрофизика институты тұрғызған. 1 метрлік «Цейсте» тұрақты бақылаулар 1981 жылдан бастап жүргізіле бастады. 1991 жылы телескоптардың екі мұнарасы және мейманханалық блогы салынды, сонымен қатар 1 метрлік телескоп іске қосылды. Ассы-Түрген – Қазақстанда тамаша астроклиматы бар жалғыз обсерватория.    

    Мұнара-күмбезге Германияда жасалған, айнасының диаметрі 1 м рефлектор орнатылған. Ол арқылы Күн мен АйКүн жүйесіндегі кіші планеталар мен метеорлық заттар, жасанды аспан денелері, галактикалардың құрылымдары мен динамикасы, жұлдызаралық ортажарық және көмескі диффузиялық тұмандықтар мен оларға қатысты жұлдыздар т.б. зерттеледі. Обсерваторияда онға жуық ғылым докторлары, отыздан аса ғылым кандидаттары ғылым-зерттеу жұмыстарын жұргізеді.

                       Каменское үстірті обсерваториясы

Астрофизикалық институттың Каменское үстіртіндегі обсерваториясы теңіз деңгейінен 1450 метр биікте орналасқан. Обсерваторияның құрылуына 1941 жылғы 21 қыркүйектегі күннің тұтылуына қатысты жүргізілген бақылаулар негіз болған. Сол жылы Мәскеу мен Ленинград ғалымдары Қазақстанға осы күннің толық тұтылуын зерттеу үшін келеді. КСРО-ның батысынан фашистер басып кіргендіктен, Алматыға эвакуацияланған ғалымдарға қосылып Қазақстанда қалу туралы шешім қабылданады. В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институты осылай құрылған.

Күн тұтылған соң бірнеше күн өткеннен кейін, астроном, астрофизик, Қазақ КСР еңбегі сіңген ғылым қайраткері Василий Фесенков Қазақ КСР халық комиссарлар кеңесіне Алматыда Қазақстан астрономия, физика және геофизика ғылыми-зерттеу институтын салу қаншалық маңызды екені туралы жазба жібереді. Сөйтіп елімізде обсерваториялар кезек-кезек салына бастайды. Институт ғимаратын кеңес-жапон соғысынан кейін тұтқынға алынған жапон азаматтары салған.

Ал институт жанынан үлкен обсерватория тұрғызу үшін 1943 жылы астроклиматы жақсы алаң ізделе бастайды. 1945 жылдың екінші жартысында Алматыдан 11 шақырым қашықтықта теңіз деңгейінен 1450 метр биікте обсерватория орны мен жобасы таңдалды. 1946 жылғы наурыз айында обсерваторияның құрылысын бастау жөнінде үкімет қаулысы қабылданған. Ал құрылыстың өзі 1947 жылы басталды.

1950 жылға дейін обсерватория Таулы астрофизикалық обсерватория деп аталды. Ал одан кейін ресми атауы астрофизикалық институт болып өзгертіліп, мекемеге оның негізін қалаушы В.Г.Фесенковтың есімі берілді. 1962 жылдан бастап экспедиция тұрақты бақылау станциясына айналды.

Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы

ММУ ШМАИ жоғары биік таулы тұрақты экспедициясы (ММУ ШМАИ Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы) ретінде 1957 жылдың тамыз айында Халықаралық геофизика жылы бағдарламасы аясында құрылды. 1962 жылдан бастап экспедиция тұрақты бақылау станциясына айналды.
Обсерваторияда әр кезеңдерде Е. А. Макарова, А. М. Черепащук, А. В. Миронов және В. П. Горанский басшылық етті. 1985-1991 жылдар аралығында обсерваторияның құрылуына Х. Ф. Халиуллин көп күш жұмсады. 1994 жылы Обсерватория В. Г. Фесенков атындағы астрофизикалық институтының басқаруына өтті. 1994 жылдан бастап қазіргі таңға дейін обсерваторияда К. С. Куратов басшылық етеді.

2007 жылы Тянь-Шань обсерваториясында жөндеу жұмыстары жүргізілді, ал 2014 жылы телескоптардың жаңартылуы аяқталды.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі

министрлігінің Аэроғарыш Комитетi
Министрдің блогы.

Fai.kz; massaget.kz;

.[1][2] «Уикипедия» ашық энцеклопедиясы

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *