«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Ортаңды сүзгіден өткіз

«Ортаңды сүзгіден өткіз» деген тіркесті естігенде, көбіміз бірден айналамыздағы адамдарды, жолдастар мен достарды көз алдымызға әкелеміз. Тек қана сыйластығы жоқ таныстардан немесе өзіңді құрметтемейтін  қарым-қатынастан арылуды ғана сүзгілеу деп ойлаймыз. Алайда, бұл ұғымның ауқымы әлдеқайда терең әрі кең. Шын мәнінде, бізді қоршаған орта тек адамдардан ғана тұрмайды. Ол — біз тұтынатын ақпараттан, айналамыздағы заттардан, тіпті тыңдайтын әуеніміз бен уақыт өткізетін орындарымыздан да тұрады.

Бұл ретте сүзгіні үш негізгі бағытқа қолдану қажет: ақпараттық және визуалды орта, ой мен ниет ортасы, іс-әрекет пен уақыт өткізу ортасы. Біріншісі — біздің санамыз бен талғамымызды қалыптастырса, екіншісі — ішкі көңіл-күйіміз бен адамгершілік деңгейімізді анықтайды. Ал үшіншісі — күнделікті өміріміз бен қуатымызды қандай дүниелерге жұмсап жатқанымыздың нақты көрсеткіші. Осы үш бағытты бақылауда ұстау адамға өз өмірін сыртқы зиянды факторлардан қорғауға мүмкіндік береді. Осы бағыттарды дұрыс реттей білгенде ғана адам бос әурешіліктен арылып, өз өмірінің шынайы иесіне айналады.

Сондықтан ортаны сүзгіден өткізуді тек қана айналадағы адамдарды іріктеу немесе достарды таңдау деп қана түсінбейік. Нағыз сүзгі — адамдарды өмірден өшіру емес, өзіңді бейберекет ақпарат пен мәнсіз әдеттерден қорғау болып табылады. Осыны түсінгенде ғана өміріміз сапалы деңгейге көтеріледі.

ДОСЫМ  Ұлдана,

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы,

 Көкарық ауылы, «Жамбыл атындағы орта

мектептің» 11-сынып оқушысы.

Жетекшісі: Молдабекова Дана Жандарқызы,

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі

 

Сәйкес жаңалықтар

Жалғыздық — жаман нәрсе ме?

Волонтерлік мәдениет: әлемде қалай дамып жатыр?

farabi shakirti shakirti

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі артты ма әлде төмендеді ме?