«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ғибрат

Сүмбе ауылындағы игі дәстүр – тасаттық

Сүмбе ауылы – әйгілі картобымен көптің жадында қалған, бұрынғы Нарынқол ауданына (қазіргі Райымбек) қарасты жаны жайсаң мекен. Іле Алатауының етегінде, тау мен жазықтың тоғысқан тұсында орналасқан ауыл таза ауасымен, шұрайлы табиғатымен ерекшеленеді.
Ауыл табиғатының көркемдігі сөзсіз. Ал сол табиғатпен үндескен тағы бір ерекшелік – жыл сайын жалғасып келе жатқан игі дәстүрі.
Бірлігі жарасқан ауыл халқы, үлкені мен кішісі, тау бөктеріне, мөлдір ағын су жағасына жиналып, Жаратқаннан жаңбыр тілеп, ата-баба жолымен тасаттық береді. Ақ ниетпен жиналған жұрттың тілегі бір арнаға тоғысып, береке мен үмітке ұласады. Бұл – табиғатпен үйлесім тапқан, Жаратқаннан мейірім сұраған халықтың шынайы сенімі.
Көптің тілегі қабыл болғандай, артынан жаңбыр да жауып, егін көгеріп, дала тіршілікке толады. Алайда бұл дәстүр тек жаңбыр тілеумен ғана шектелмейді. Ауыл адамдары бірлесе мал сойып, дастарқан жайып, үлкендердің батасын алып, өзара ынтымақ пен бірлігін одан әрі нығайта түседі.

Сүмбедегі тасаттық – тек дәстүр ғана емес, ол – халықтың бірлігі мен сенімін, табиғатқа деген

құрметін айқын көрсететін тағылымды рәсім.                         

 ДАУКЕЕВА Алима,

Алматы облысы, Қарасай ауданы,
«Ұлан орта мектебі» 11 – сынып оқушысы

 

Сәйкес жаңалықтар

Мемлекеттің қайырымдылығы адамының рухани байлығында

farabi shakirti shakirti

Ғибратты  әңгіме

130-ДАН АСТАМ ОҚУШЫ XХIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫНА ҚАТЫСУДА