«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ғибрат

Ұлттың ардақтысы хәкім Абай

24 қыркүйек күні республикалық «Kitap time – 2025»  кітап фестивалі аясында  Тастұмсық ауылдық кітапханасы және Олег Кошевой атындағы жалпы білім беретін білім мекемесінің ұйымдастыруымен  «Ұлттың ардақтысы хәкім Абай» атты әдеби-танымдық сағат ұйымдастырылды.

Әдеби -танымдық сағат  қадірлі аға буын өкілдері  Абайдың әндерін шырқаумен  басталды. Жас оқырмандар Абай жырларын жатқа оқып, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Абай және қазақ  әдебиеті» атты жасанды интелект арқылы жасалған видеосын көпшілікке ұсынды.

«Абай — ұлттың рухы, Абай — әдебиеттің күре тамыры»  атты ой-толғам жазу жұмысы,  «Абай өлеңдері және ұлттық поэзия» атты сұрақ-жауап, «Абайдың  тау тұлғасын таниық»  атты интелектуалды ойын өткізілді.

Кітапханашылар «Даналықтың басы -кітаптан, қазақ руханияты Абайдан нәр алады» тақырыбындағы кітап  көрмесіне библиографиялық шолу жасап  өтті. Іс-шара соңында, оқырмандар бір-біріне

«Абайдың қара сөздері»  атты кітапты сыйға тартты.

ТОПАНБАЙ Мейірхан Мейрамбекұлы,

 Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі

Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С.

Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің

«қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты

 

Сәйкес жаңалықтар

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Мерейтойдың негізгі шаралары бүгін ақынның туған жері – Абай ауданында өтті

Қазақстан Республикасы мен Моңғолияның арасындағы білім саласындағы қатынастарға жаңа қарқын беріледі

admin_farabi

Қазақстанның туы Грекия төрінде желбіреді