«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ғибрат

Тіл — тамырың, тарихың

Кеше, 4 қыркүйек күні  «Ұлт ұстазы»  атанған, қазақ тілінің болашағы үшін ғұмырын арнаған   Ахмет Байтұрсынұлының еңбегін дәріптеу және 5 қыркүйек — ҚР тілдері күніне  орай Олег Кошевой жалпы білім беретін білім мекемесі, Түлкібас аудандық Жастар ресурстық орталығы,  Тастұмсық ауылдық кітапханасы, бірлесе ұйымдастыруымен «Тарих — тамырың, тарихың»  атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараға Түлкібас ауданы түрік этномәдени орталығы төрағасының орынбасары  Алиев Искендер мен  түрік этномәдени орталықтың мүшелері қатысты. Дөңгелек үстелде білім мекемесінің директоры Берік Исламкулов  «Мемлекеттік тіл мерейін өсіру» жайлы ой-толғамымен оқып, дөңгелек үстелге тірек болар бірнеше ойларды ортаға салды.

Тіл жанашыры, ардагер Искендер Латипұлы  «Бауырластық пен бақыт — егіз ұғым. Қазақ тілі — болашақтың тілі» деген  өзекті ойын ортаға салып, жастарды  қазақ тілін және  шет тілін  қатар үйренуге, барынша алтын уақытты тиімді өткізуге  шақырды.

Ұлт ардақтысы ғалым Ахмет Байтұрсынұлы туралы  бейнебаян көрсетіліп, оқырмандар қайраткердің  ерен еңбегі жайлы өз ойларын қысқаша жеткізді. Тахмина Тавшанова   «Туған тілім», Лалахан Кулиева «Маса»  өлеңіне қысқаша  талдау жасап, өздерінің қазақ тілін үйрену дағдылары туралы ой қозғады.

Кітапханашылар «Тіл —  елдіктің өзегі, достық дәнекері» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасап өтті. Жастар ресурстық орталығының әдіскері Мелдебек Мақсат «Жаңашылдық бастауы — тіл» атты баяндамасымен таныстырды.

Іс-шара «Білгір болсаң — тауып көр» атты интелектуалды ойынмен қортындыланды.

ТОПАНБАЙ  Мейірхан  Мейрамбекұлы,

Түлкібас аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі

Тастұмсық ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

Ф.ғ.к.аға оқытушы Кайырбекова Ұ. С.

Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің

«Қазақ тілі мен әдебиеті» білім бағдарламасының магистранты.

Суреттерді жоодаған: автор

Сәйкес жаңалықтар

«Өз ұлтын сыйламау…»

Ұлттық құндылықтар – ел болашағының негізі

«Теңге – Тәуелсіздік келбеті»