Шығысқазақстандық оқушылардың жүлде қоры қомақты, жыл басынан бастап олардың жеңіс қоржынына 118 медаль жиналған. Оның ішінде 23 алтын, 49 күміс және 45 қола медаль бар. Бұл туралы Оқу-ағарту министрінің өңірдегі мектеп оқушыларымен кездесуінде белгілі болды.

Білім басқармасы басшысының айтуынша, 2-7 сынып оқушылары арасында өткен «Зерде» ғылыми-зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының республикалық байқауында Шығыс Қазақстан облысының құрамасы жалпы командалық есеп бойынша 1-орынды иеленіп, «Үздік олимпиадалық команда» номинациясы бойынша дипломмен марапатталған. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада облыс командалық есепте екінші орынды жеңіп алды.

Кездесуде мектеп оқушылары министрге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жетістіктерімен, алға қойған мақсаттарымен бөлісті.  Олардың қатарында Өскемен қаласындағы №47 орта мектептің 3-сынып оқушысы Шыңғыс Сайлаубеков те бар.

«Мектепте біз күн сайын жаңа білім аламыз. Бізге білім берген ұстаздарыма және барлық мүмкіндіктер үшін мемлекетіме рахмет айтамын. Болашақта мен де өзімнің туған елімнің  дамуына үлес қосқым келеді», – дейді Шыңғыс.

Жиын соңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп оқушыларына отандық білім беру саласының беделін арттыруға қосқан үлестері үшін алғыс айтып, алдағы уақытта да биік шыңдарды бағындыруларын тіледі.

Бүгінде Шығыс Қазақстан облысында 348 мектепте барлығы 100 мыңға жуық оқушы білім алуда.

                                         ҚР Оқу-Ағарту министрлігінің Баспасөз қызметі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *