Күнделікті қолданып жүрген қарапайым судың ашылмаған сырлары көп. Ғалымдардың айтуы бойынша мұхиттың тек 20 пайызы зерттелген. Картадағы мұхитқа қарағанда, Ай мен Марс бетін аңық, жақсырақ түсірген. «NASA» алғашында ғарыш емес, мұхитты зерттеу үшін құрылған! Бірақ кейін зерттеуді тоқтатып «төменде не бар екенің білмегеніміз жақсырақ» деседі. Тіпті мұхиттағы ең терең шұңқыр «Марианаға» қарағанда айға барған адамдар көбірек екен.
Су Аңыздары: Атлантида, Ежелгі грек ойшылы: «Су астында бай арал — мемлекет болған, ол бір күнде батып кетті» деп мәлімдеген болатын. Ежелгі 12-түрлі Құдай санайтын: Зевс,Аполла,Арес,Афродита бәрі де осы Атлантида патшалағында болған деседі.
Бермуд үшбұрышы. АҚШ-тың Флоридо, Пуэрто-Рико аймағындағы теңізде магнит күші немесе тылсым күш бар екенің сипаттаған. Ол жерден өткен ұшақ, кемелер жоғалса қайта қалқып шығып немесе судың астында жатпай түбегейлі жоқ болып кететіні әлі күнге дейін адамдарды ойландырады.
Су перісі. Балалық шақтан теледидардан көретін бұл ертегілер әлі күнге дейін құпия болып қалмақ. Су перісін миф жәй ғана теория дейін десек қазақ халқының ұғымында бұл жаратылысты «Күлдіргіш» немесе «түнгі пері» деп атаған яғни қазақ халқы
су перісін диснейдегі жақсы кейіпкер емес,жынға тенеген ол кешке сұлу қыздың бейнесінде адамдардың атын атап өзіне шақырып қытықтап есінен адастырады екен.
Орыс этнографы М.Миропиев 1888 жылы Сырдария тұрғындарының әңгімелерін жазып алған екен. Хасан есімді тұрғынды кешке су маңынан өткенде атын атап шақырып, су перісі суға батырып өлтірген деседі. Әлемдік су туралы ақпараттарды алсақ ғалымдар Англияда экспериментке адамдарды түнде су жағасына қалдырып, ертесі күні не болғаның сұрағанда бәрі қорқынышты түс көргенін, судың арғы жағынан есімдерін атап шақырғанда қашқандарын айтқан.
Ғарышқа ұшып, өзге ғаламды зерттеген, теледидар, ұшақ, ұялы телефонды жасап, тауып жатқан ғалымдар үшін біз қолданатын қарапайым суды зерттеу расында да қиын болғаны ма? Әлде су әлемін мәңгі жасырын ұстауды құп көреді ме? Бұның барлығы біз үшін құпия.
КҮНТУҒАН Сүйрік,
Шымкент қаласы, «Д.А.Қонаев мектебінің»
11 «А» сынып оқушысы.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі
Пайдаланылған дереккөздері:
Williams, J. G., & Boggs, D. H. (2016).
«Secular tidal changes in lunar orbit and Earth rotation.»
Celestial Mechanics and Dynamical Astronomy, 126(1), 89–129.
