«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Неге «Дисней» — тек балалар үшін емес?

Сурет: ашық дереккөзінен алынды.

Есейген  сайын балалық шақтағы жайттарды мүлдем басқаша түсінесін. Дәл сол сияқты  «Дисней» мультфильмдері мен үшін ерекше әсер етті. Әлі күнге дейін балалық шақтың дәмімен қолдау қалаған кезде қайталап көріп отырамын, әр көрген сайын әр түрлі мағанада түсініп өзіме керекті сезімдерді аламын.

Бірақ көптеген таныстарымның айтуынша, ересек жандар үшін мультфильм көру қызықсыз ертегі екен. Мен олардың ойын түбегейлі өзгерткім келеді. Керісінше, «Дисней» туындыларын түсініп көрген жан үшін бұдан артық философия жоқ. Мысалы: «Король  Лев»  — әкесіз өскен өмір мен адамның өткен қателіктерін қабылдау білу. «Моана» — қоғамның сөзіне емес, өз қалаған жолында жарқырап қалауынды жасай алу.

«Мұзды жүрек» — депрессия мен мазасыздық сезімдерінен арылу. Романтикалық махаббатқа қарағанда туыстық қамқорлық жоғары тұруы. «Мулан», «Меринда» — өз болмысын жасырмау, әйел күші және еркіндігі. Барлық  «Дисней» анимацияларын өз қалауымен балалар да, ересектер де көруі керек деп ойлаймы.

Шынайы өмірдің мәселелерін өте көркем етіп көрсеткен. Сондықтан көбіне ересектік сыртқы келбет  пен адамның өмірдің ғажайыптарына сенбейтін, бақытсыз кезі, ал сол бақытты және сенімді сәттерді қайта дамытушы жандар біз. Адам үшін мүмкіндік толы заманда өз өмірімізді өз арманымыздағыдай етейік!

Уолт Дисней: «Мен балаларға емес, әрбір адамның ішіндегі балаға фильм жасаймын», — деген. Шынында да, оның мультфильмдерін көрсең, ғажайып әлеммен бірге адам болмысын көреміз.

КҮНТУҒАН  Сүйрік,

 Шымкент қаласы,

«Д.А.Қонаев мектебінің»

11 «А» сынып оқушысы

 

Сәйкес жаңалықтар

Наурыз мерекесінің он күндігі:Еліміз бойынша қандай шаралар өтеді?

Жеке куәлікті eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы ауыстыруға болады

Бақыт: жаныңда ма, әлде санаңда ма?

farabi shakirti shakirti