«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Тарих

Туған жерім- мақтанышым!

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Мен үшін туған жер ол тек қана адамның дүниеге келген жері емес,ол түрлі естеліктеріне толы терапиялық әлем деп білемін.Менің ғажап естеліктерге толы сәттерім яғни туған жерім – Қазақстан!

Қазақ халқы десе, ең бірінші кеңпейілділік пен философиялық ойлар келеді. Себебі қазақ елінде 130-дай  ұлт өкілдері мекен етеді одан бөлек біздің ағайын-туыс, туғандарға деген бауырмалдығымыз өте жоғары деңгейде. «Қазақ қонақ келсе қабағын шытпаған» — деген сөздің өзі қазақтың болмысын бейнелейді. Ал сол болмысты дамытуға қазақты қазақ еткен тарихи, әдеби тұлғалар…

Көне заманда ұлы даладан бастап қазақ хандығынан ары қарай алаш зиялыларымен қазақтың қайратты жастары туған жеріміз Қазақстанның туын түсірмей келеді. Мен осындай рухты, ақылды бабаларымыздың қанымен мекен еткен жерінде туғаныма қатты қуанамын. Каспий теңізінен Алтай тауына дейін, Батыс Сібір жазығынан Тянь-Шань тауларына дейін созылған, ұзындығы 3000 шақырым, ені 1600 шақырымды алып жатқан жер бедерінен 9 орындағы байтақ елміз.

Елімізде химиядағы Менделеев кестесінің  көптеген кенді элементтері  кездеседі. Түрлі емдік шөптер мен байлыққа толы жерміз. Жастарға деген мүмкіндік өте жоғары! Оқимын, дамытамын, көремін дейтін қазақ азаматтары мен азаматшаларына барлық жағдай жасалған. Мемлекет үшін еңбек еткен жандарға баспана мәселесін шешетін жалдамалы тұрғын үй бағдарламалары бар. Тәуелсіздік алған жылдары басшылар шетелден инвестор әкеліп халқымызға жекеменшік кәсіппен айналысудан  сауаттарын ашты қазіргі таңда жаңадан ашылған керемет жекеменшік кәсіптер жетерлік. Ал біздегі әдеби кітаптарымыз бөлек бір туынды мысалға:Қазақ жырауларының тарихи кітаптары, Алаш зиялыларының ойлары, кейінгі үздік ақын — жазушылар М.Мақатаев, М.Шаханов, Ә.Кекілбаев. Айта берсек, түрлі Ана тілімізде жарыө көрген  эпостор, поэма, проза, романдар мақтан тұтарлық шығармалар жетерлік. Қазіргі спорттан, білімнен, өнерден алтын медаль алып жатқан жастарымыз жетерлік! Мысалы: қайталанбас дауыс иесі әнші  әлемді бағындырған Д.Құдайберген. Елімізде мәнерлеп сырғанаудан ең алғаш алтын медаль алған Михаил Шайдоров. Иә, жастардың тізімін жалғастыра беруге болады. Елімізді танытқан жастардың өнегелі істері кейінгі – біздерге үлкен мотивация.

Міне, мен осындай жетістіктерден кейін мақтанышпен туған жерім Қазақстан екендігін айтамын. Мен де қазақ халқы үшін тарихта қалар үздік ғылым мен өнерді ұштастырар  жетістікке жететініме толық сенімдімін.

КҮНТУҒАН Сүйрік,

 Шымкент қаласы,

«Д.А.Қонаев мектебінің» түлегі

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

Сәйкес жаңалықтар

Үкімет қаулысымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мемлекеттік қорғауға алынды

farabi shakirti shakirti

Шарын ұлттық саябағында Sharyn визит-орталығы ашылды

Мемлекет басшысы Франция Президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді