Суреттер: ЖИ, жолдаған автор
Тіл — ол әр ұлттың басты құндылығы. Ол әлемдік қатынас. Әдетте біз айналамыздағы кереметтерді байқамаймыз ал егер түсене отырып байқайтын болсақ тіл ол біздің байлығымыз. Ал біздің қазақ тіліміз тұнып тұрған қазына дер едім. Себебі әйгілі елдерден алып қарасақ испан тілінде — үш жүз мың сөз, ең әдемі естілетін тіл француз тілінде-алпыс мың сөз, ал өзіміздің ұлттық тілімізде — алты жүз мың сөз. Енді мен көтергім келген мәселе біздің тіл тазалығымызда! Яғни бізде бар Алты жүз мың сөзді таза әрі әдепті сөйлеп, өз тілімізді құрметтесек, біздің ұлттық тілде бәлкім ағылшын тілі секілді әлемдік сөйлеп, немесе француз тілі сияқты әдемі болар еді.
Менің тіл жайлы ойым осындай. Бірақ тек қазақ тілінде емес өзге тілдерді де білген бізге үлкен мүмкіндік ол әлемдік есікті ашушы кілт. Тіл меңгеру арқылы адамның әлемге, адамға,білімге деген махаббаты ашылушы еді. Себебі қазіргі таңда барлық әлемдік платформалар ағылшын, қытай тілінде құрылған. Егер днниенің барлық қыр сырын ашқын келсе тіл үйрену керек. Ал менің арманым сол әлемдік қытай, ағылшын сынды елдерге өзімнің отаным — Қазақстанда қосылуы.
Біз өз тілімізді, барша қазақ халқымен үздік біліп өз тілімізді құрметтеп қана әлемдік тілдерге қосыла аламыз. Осы тіліміз таза, сөзге бай болу үшін қаншама ата-бабамыз болашақ жастар, менің өз тілім бар деп сенімді айтуы үшін өздерінің еңбектерін, жаның қиды. Енді бізге берілген аманат сол үмітті жоғалтпау!
Менде осы қазақ халқының ұрпағы аманаттарын сақтаушымын. Осы тілдік мүддеге мен үлесімді қоса алатын нәрсе бар. Басты мақсат ол болашақ журналист ретінде халық көптеп уақыт өткізетін жерлерде тіл жайлы үгіт-насихат жүргізу теледидар, ұялы телефон, көлік радиоларында қазақ тілінің бай әрі, құрметке лайықты екендігін дәлелдеп халыққа жеткізу.
Қазақ тілінің тазалығына түрлі қызықты контенттер, кітаптар тіпті қазақ тілінің зерттеуші мамандарымен сұхбат әңгіме түсіру. Қазақтың, қазақ мәдениетінің күннен — күнге дамып жатқанын көру патриот сезімі артып жатқаның көру әрбір жанға – мәртебе.
Қазақ тілі ол біздің – ғұмырымыз, тарихымыз, болашағымыз!
КҮНТУҒАН Сүйрік,
Шымкент қаласы,
«Д.А.Қонаев мектебінің»
11 «А» сынып оқушысы.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым
сайтының Жас тілшісі
Пайдаланылған дереккөз:
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі,
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, (2011).
Қазақ әдеби тілінің сөздігі. 15 томдық. Алматы.
