«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Тұлға

Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, І дәрежелі «Достық», «Парасат» ордендерінің иегері Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдық мерейтойына арналған «Жүрегі жырдан жаралған» атты әдеби-музыкалық кеш өтті.

Іс-шараның мақсаты – ақынның шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасына құрмет көрсету және оның өлеңдеріне деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру.

Кеш барысында ғалымдар, әдебиеттанушылар, жазушылар мен ақындар Тұманбай Молдағалиевтің қазақ поэзиясына қосқан үлесі жайында ой бөлісіп, арнау өлеңдерін оқыды.

Жиын аясында кітапхана қорынан «Тұманбай жыры – өшпес мұра» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары, естеліктері, әндер жинағы мен фотосуреттері қойылды. Сондай-ақ қазақ эстрадасының танымал өнерпаздары ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Мұралары мәңгілік

Ғибратын көңілге тоқиық! 

farabi shakirti shakirti

Ананы құрметтеген ғалым