Құттықтаймыз!
Құрметті Априза АЙТБАЙҚЫЗЫ!
Сізді асқаралы кемел жасыңызыбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіз – оқытушы ретінде қаншама студенттерге дәріс беріп, олардың өмірден өз орнын табуына жол көрсеттіңіз. Еліміздегі бір ғасырлық тарихы бар іргелі жоғары оқу ордасы — Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде ұзақ жылдар жемісті еңбек етіп, қолтаңбаңызды қалдырдыңыз. Дәріс алған студенттеріңіз бүгінде сіздей ұстаздан үйренгенін мақтанышпен айтады.
Ана тілімізді құрметтеу мақсатында көптеген пікірлер, оңды ұсыныстар айттыңыз. Сіз білім берген жастар мемлекеттік тілді құрметтеуді үйретіп, олардың ана тілімізде сөйлеуін талап еттіңіз. Қашанда жастардың қамқоршысыз. Алыс ауылдан Алматыға келіп, жол тапқанша жаны қиналып тұрған ұл – қыздарыңыздай жастардың жағдайын сұрап, қолыңыздан келгенше көмектесіп келесіз. Бұрынғы «Қазақстан Заман» газетінің ұжымында өнегелі істеріңізден қаншама жас үлгі алды десек, артық айтқандығымыз емес.
Ардақты ана! Елімізге танымал фототілші Рахымбай аға Ханалы ағамыздың үйіндегі асыл жары! Білікті ұстаз! Мәртебелі әже! Қамқор әпке! Замандастарының құрметтісі! Құрбысына ақылшы! Әріптеске адал Априза Айтбайқызы журналистикаға да айтарлықтай еңбек сіңірді. Ақпарат құралдарына да белсене атсалысып, мақалалар, сұхбаттар жаздыңыз. Көптеген түйткілді мәселелердің оң шешімін табуына ұйтқы болды. Төккен маңдай тер мен тынымсыз еңбегі бағаланып, «Қазақстанның құрметті журналисі» аттандыңыз. «Тіл жанашыры» медалінің иегерісіз. Білім берудегі ұзақ жылңы еңбегіңіз бағаланып, қазіргі Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамотасына ие болдыңыз.
Сізге алдағы уақытта ғұмырыңыз ұзақ, денсаулығыңыз мықты болсын дейміз! Ұлдар мен қызыңыздан өрбіген немерелеріңіздің қызығын көру нәсіп болсын! Көңіліңіз күндей жарқырап, құшағыңыз гүлге толсын деген ізгі ниетпен: Өзіңізді жақсы көретін сіңлілеріңіз – қыздар!