«Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан    қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп, алға жүретін екі түрлі ұлттық асылым бар: бірі – “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезов».

Шыңғыс  Айтматов

 Біз  мектебіміздің оқушылары  «Заманның  заңғар  жазушысы»  атты тақырыпта ұлы жазушы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі, филология ғылымының докторы, ғылым қайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов пен оның шығармаларына арналған  жоба жұмысын  қорғаумен айналысты.

Мен де «Мұхтар әлеміне саяхат» тақырыбында  өз жобамды қорғадым. Жазушының өмір баянына қысқаша тоқтала отырып, шығармаларын  атап айтып кеттім. Мысалы, «Еңлік Кебек», «Көксерек», «Қилы заман» шығармаларына қысқаша шолу жасадым. Мұхтар Әуезовтың  «Абай жолы»  роман — эпопеясы әлемдік сөз өнеріне қосылған асыл мұра. Француз жазушысы Луи Арагонның «Эпикалық роман «Абай жолы» менің ойымша ХХ ғасырдағы ең үздік шығарма­лар­дың бірі. Әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шы­ғар­маны табу қиын», — деп  айтқандай, роман — эпопея Абай жайлы болғанымен, ол бүкіл қазақ қоғамының жарты ғасырлық даму жолымен бірлікте алынып көрсетілген. Жоба жұмысымдағы ерекше тұстарды түсіндіріп, слайд көрсете отырып айттым.

Cонымен қатар «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының 116 -тіліне аударылғанына  да тоқталдым. Ұлы жазушының шығармаларынан «Жетім»   әңгімесін оқуды ұсындым.  Әңгіме он жастағы Қасымның қиын тағдырын суреттейді. Аянышты  халі туралы айтылған, бала психологиясы ерекше көрініс табады. «Қорғансыздың күні» әңгімесіне де тоқтала кеттім. Жазушының шығармаларына қысқаша тоқталып, мазмұнын қызығы айтып шыққаным құрбыларыма қатты ұнады, содықтан  қызыға тыңдады деп ойлаймын.

                                              ОМАРХАН Аяжан,

                           Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

«Еңбек орта мектебі-Өрнек бастауыш мектебімен» КММ

9 «А» сынып оқушысы.

Жетекшісі:  КЕКЛОВА Алма Мукамгалиевна

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *