—Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) 22 елдің оқушылары қатысқан Балқан халықаралық математикалық олимпиадасы (BMO) аяқталды. Қазақстандық оқушылар ел қоржынына үш күміс және үш қола медаль салып, 100% көрсеткіш көрсетті,-деп хабарлайды farabishakirti.kz ОАМ Баспасөз қызметінің 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі күніне орай оқушылардың Балқан өңірінің үздік математиктерінің үштігіне кіргенін хабарлаған жаңалығына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы жалпы алты жүлде иеленді:
Күміс жүлде иегерлері:
- Амир Сахипов — Алматы қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
- Марғұлан Шарел — Астана қаласындағы Spectrum мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Элдар Үсенов — Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы.
Қола медаль иегерлері:
- Дамир Нұрланов — Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы;
- Әмірлан Аманжолов — Алматы қаласындағы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы;
- Бердібек Орынбасар — Атырау облысындағы №1 «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы.
«BMO олимпиадасына қатысу – Қазақстан құрамасының шілде айында Австралияның Квинсленд қаласында өтетін халықаралық математикалық олимпиадаға (IMO) дайындығындағы маңызды кезең. Мемлекетке жас таланттарды қолдағаны үшін, сондай-ақ ұстаздарыма және барлық жаттықтырушы командаға кәсіби дайындық үшін шын жүректен алғыс айтамын», – деді олимпиаданың күміс жүлдегері Марғұлан Шарел.
Ұлттық құраманың жаттықтырушылары – Асылбек Исахов пен Мұхтар Қабақ.
Жас математиктерімізді құттықтаймыз!
Естеріңізге сала кетейік, бұл – қазақстандық оқушылардың екінші рекордтық нәтижесі. 2024 жылы да олар үздік үштіктен көрінген болатын.
