«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Жас түлектерге!

Сурет: https://www.zakon.kz

*Шіркін уақыт зымырап, бір орында тұрмайды,

Күн артынан күн өтіп, жылдар алға зырлайды.

Балалық шағың — бал дәурен өте шығып, қас-қағым,

Жалбарынып сұрасаң, уақыт кері бұрылмайды.

*Кеше ғана табалдырығын аттаған ең мектептің,

Бүгін, міне ұядан қанат қағып кетпексің.

Қоштаса алмай тұрсың сен, ұстазыңмен, досыңмен,

Бір қарасаң мектебің, алыс қалған елесің.

*Бүгін міне, мектеппен жатырсыңдар қоштасып,

Қалып едік сендерге  бауыр басып, достасып.

Алда күткен қиындыққа жеңіс бермей, мойымай,

Бастарыңа бақ қонсын бірінен соң астасып.

*Елу елдің қатарынан көрсетуге елімді,

Аянбайтын азаматы болыңдаршы сенімді.

Іске асырып  Президенттің ойлағанын, түйгенін,

Қазағыма күн болыңдар, нұрға бөлеп жетімді.

*Бітіруші жас түлек қанаттарың талмасын,

Қатал тағдыр еш уақытта езгісіне салмасын.

ҰБТ-ны абыроймен өткізіңдер түлектер,

Ешбір адам 100-ден төмен балл алмасын!

ДОСАЛИЕВА  Несібелі,

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

«№223 орта мектебінің» 11сынып оқушысы.

 

Сәйкес жаңалықтар

ОТБАСЫ

farabi shakirti shakirti

Мектеп түлектеріне тағы да бір мүмкіндік

farabi shakirti shakirti

167 рет 500 тоннадан астам су өртті сөндіруге кеткен