«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Технология

Жасанды интеллект: мүмкіндік пен қауіп

Сурет ЖИ көмегімен жасалынды. Жолдаған автор

        XX-ғасырдың ортасынан бастап Еуропа елдерінің академик ғалымдары адам санасымен тепе-тең әртүрлі функцияларды орындау қабілетіне ие күрделі механизмді жасанды жолмен дамытуда. Дегенмен, қоғам ішінде сұрақ көп. Жасанды интеллект адамзат игілігі үшін жасалған десек те, оның білімге, медицинаға және күнделікті өмірге ықпалы күн сайын артып келеді. Алайда оның пайдасымен қатар, біз әлі толық біле бермейтін қауіптері де бар.

Жасанды интеллект дегеніміз — адамның ой санасын компьютерде бейнелейтін программалық жүйе. Яғни, адамның логикалық ойлау қаблетін әртүрлі көлік қолданыстарында, гаджеттерде іске асыру. Бұл терминді алғаш болып Джон Маккарти есімді америкалық бағдарламашы АҚШ-тың Дартмут колледжінде өткен конференцияда қолданған. Еңбегінің жемісі ретінде жасанды интеллектінің дамуына үлес қосқаны үшін Маккарти зейнет жасында Тюринг премиясының лауреаты атанған.

Жасанды интеллект әртүрлі қызмет атқарады. Соның бірі: Адам бейнесін ажырату. Интеллект жинағында неше түрлі адамдардың суреттері жүктелген. Солардың ішінен бір-біріне ұқсас адамдарды ажыратуға қабілетті. Қарапайым мысал, сіз өзіңіздің смартфоныңызға, я болмаса icloud аккаунтыңызға кіру үшін Face ID функциясынан өтесіз. Сіздің бейнеңізді тексерістен өткізіп, бұл сіз бе, әлде басқа адам ба екенін анықтайды. Бұндағы мақсат смартфоныңыздағы жеке өзіңізге ғана тиесілі мағлұматтарды бөгде адаммен бөліспеу.

Жасанды интеллект білім саласында

Жасанды интеллект білім беру саласында күн сайын дами отырып, білім мен оқытуға деген көзқарасты түбегейлі өзгерте алатын тәжірибелерді ұсынуда. Қазіргі көзқарастарды талдай отырып, жасанды интеллект тапсырмаларды автоматтандырып ғана қоймай, сонымен қатар білім беру бағдарламаларын әрбір оқушының, студенттің қабілетіне сай бейімделуін қамтамасыз етіп, оқытудың жаңа мүмкіндіктерін жасауда. Оған дәлел:

ChatGpt — OpenAl компаниясының 2022 жылдың қараша айында таныстырған нейрондық желісі. Бұл арқылы жасанды интеллектпен хат жазысып, кез келген сұрақ қоюға немесе тапсырма беруге болады. Сондай-ақ эссе, өлең, ән, сценарий, тамақ рецептін жаза алады, оқу бағдарламасын құрастыра алады, бизнес жоспар жазып, күнді жоспарлауға көмектеседі, жылдың негізгі оқиғалары туралы айта алады, іздеген суретті тауып береді, бағдарлама кодын жаза алады немесе кодтағы қателерді табуға көмектеседі. Сонымен қатар, ол түрлі математикалық мысалдар мен теңдеулерді, физика және химия бойынша тапсырмаларды шығару жолын түсіндіре отырып, шешеді.

D-ID — жасанды нейрондық желі. Сіз бұл нейрон желісінде өзіңізге қажетті бейнені немесе ақын жазушылардың айтқан сөзін пайдалана отырып, суретті сөйлете аласыз. Бұл желі, мектеп қабырғасындағы оқушыларға әсіресе тәрбие сағатында пайдалануға жақсы кеңес.

Жасанды интеллект медицина саласында

Соңғы жылдары жасанды интеллект заманымызға сай медициналық тәжірибенің ажырамас бөлігіне айналды десек те, артық айтпаймыз. Медициналық жазбалар, суреттер, геномдық деректер, диагностика сияқты әртүрлі дерек көздерді үлкен көлемді, анық әрі сапалы алуға қолжетімді.

Жасанды интеллект денсаулық сақтаудың әртүрлі түрлеріне, соның ішінде диагностикаға, ауруларды болжауға және медициналық деректерді басқаруға көмектеседі. Мысалы, Машиналық оқыту алгоритмдері дәрігерлерге қатерлі ісік ауруын ерте анықтауға немесе аталмыш індеттің түрлерін жіктеуге көмектесу үшін, медициналық суреттерді талдай алады.

Алайда бұл жасанды интеллект әзірге қауіпсіз деген сөз емес. Қазірдің өзінде сақтануға себеп бар көрінеді.

Жасанды интеллекттің қазіргі ең басты қаупі — дипфэйк технологиясы. Ол адамның, бетін көшіріп, одан бейнематериалдар жасап шығарады. Қазірдің өзінде хакерлердің осындай әрекетіне бірнеше адам алданып үлгерген. Тіпті белгілі адамдардың атынан сұхбат жасап, түрлі амалдармен алаяқтық істеуде. Келесі кезекте “дипвойс” атты технология жаңадан шығып жатыр. Бұл адамның дауысын, интонациясын келтіріп, аудио хабарлама жіберуге немесе біреумен әңгімелесуге де болады. Бұлар қазіргі ең басты қауіптердің қатарына жатқызылған. Одан бөлек, ақпараттық қауіпсіздік мәселесі қазіргі күннің өзінде дау-дамай тудырып тұр. Әр нәрсенің пайдасымен қоса зияны да болатынын естен шығармауымыз қажет.

Адам баласының бүгінгі онлайн және офлайн өмірі жасанды интеллектке тікелей байланысты. Болашақта оған сұраныс әлі де артпақ.

НИЯЗБАЕВА  Шакира

                                                                         Алматы қаласы,

№58 ЖББМ 11-сынып оқушысы.

Республикалық «Farabi  shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының  Жас  тілшісі

 

Сәйкес жаңалықтар

Ақпарат көп, ақиқат қайда?

Жасанды интеллект: адам мүмкіндігін кеңейтетін құрал ма, әлде қауіп пе?

Жастардың әлеуметтік желіде көп отыруының пайдасы мен зияны