Журналистика — біз бен сіз. Бұған жай қарамау керек. Журналистика -қоғамның келбеті, жақұт көзі және тіл, елдің жүрегі. Мамандықтың тарихы тереңде. Ежелгі Мысырда папирус парағына ақпарат жазылған. Ал көне Римде хабарландырушылар, тақтайшалар ілінетін. Осылайша, журналистиканың шежіресі басталды. Арада талай жылдар өтсе де,түпкі мағынасын сақтай отырып,бүгінге жетті. Қоғамның айнасы деп атауымыздың өзіңдік сыры бар. Күнделікті тіршілікте болып жатқан хабарларды журналист ой елегінен өткізіп, үлкен бұқараға ұсынды. Нәтижесінде, айналада орын алып жатқан күллі жәйттерден ел хабардар болады. Жалпы, сарапшылар журналистика 46 мамандықтың басында тұр деп айтады. Сонымен қатар, тағы бір қосып кететін мағынасы терең ой бар. Ол -ұлттық құндылық. Журналисттер сөз майданының айналасында жүргеннен кейін, патриот болғаны абзал. Өз елінің тарихын, қадір-қасиетін сезініп, оны терең сезінген жөн.

Қазақстан — менің Отаным, туған жерім! Менің егемен елімнің келешегімнің кемел болуы үшін қандай үлес қоса аламын? Менің қызметім болашақта Қазақстаныма қалай көмектеседі? Мұндай сұрақтар кеудесі «Ұлтым» деп соққан әр адамның көкейінде болуы шарт. Ал, бұл сұраққа үлкен салмақпен қарайтын, елінің патриоты ретінде жауабым, менің таңдағалы отырған мамандығым, кәсібім, қызметім -Тәуелсіз еліміздің, тұғырлы болуына қызмет етері сөзсіз.

Арман…Мақсат…Болашақ… Егіз ұғымдай қатар аталатын бұл сөздердің астарына үңіліп қарасаңыз үлкен мән жатыр. Арманы асқақ ән саналы ұрпақ алдына мақсат қойып, болашағына нық сеніммен қадам басары анық.

Арман… Менің көгілдір экрандағы дикторларға еліктеп,оқиға орныңды шұғыл интервью алып, жүретін тілшілерге назарым сонау балалық шағымда ауып, кішкентай кезімнен бері журналист атануды армандап келемін. Теледидардың арғы жақ бетінде тұрып, тікелей эфирді, я болмаса жаңалықтарды, тіпті концерт бағдарламасын жүргізіп тұрған журналистердің өзің-өзі ұстау шеберлігі, өзіңе деген сенімділігі, батылдығы, батырлығы мені тәнті ететін.Тілшілердің тірлігіне тамсанып жүргенде өзіме «қашан камера алдында дәл осылай күлімсіреп, халықтың назарында жүреді екенмін» деп сұрақ қойып терең ойға бататын кездерім аз емес.Осы арманыммен алысқа қол созғым келетін мен уақытымды зая кетірмей, ізденісте жүрмін. Журналистиканың тарихын,түпкі тамырын, журналистке тән шеберлік  бұқаралық ақпарат құралдарына тән ерекшеліктер мен стиль, бәрін-бәрін зерттеп, санама құйып келемін.

Мақсат…Мақсатым — ол әрине елге танымал білікті де, кәсіби журналист атану. «Адам өмірінде мамандық таңдаудан қателеспеу керек», — дейді.Саналы адам, саналы түрде мамардық таңдау қажет. Алға қойған биік мақсаттарымның біріне қол жеткізу үшін мен журналистика саласына кәсіби түрде даярлайтын, жан-жақты, креативті, терең білім беретін курстарға қатысуды жөн көрдім.

Журнадистиканы әркім әрқалай түсінеді. Бірі журналист-төртінші билік өкілі десе, екіншісі  — ақпарат таратушы дейді, ал келесі біреуі -репортер, тілші деп жатады. Иә, барлығына келісемін, атап айтқандардың бәрі дұрыс. Өйткені, журналистика жан-жақтылықты талап ететін, жүгі ауыр, жуапкершілігі мол сала. Дәл сонысымен ерекше. «Арқалағаны алтын, жегені жантақ» — демекші, қиындығы мен қызығы қатар жүретін мамандық. Зерттеулерге назар аударсақ, 2030 жылға қарай әлемде 57 мамандық болашаққа керегі болмай, жойылып кететін көрінеді. Ал, егемен еліміздің мәртебесін биіктетіп, дамыған елдердің қатарынан орын алуына өз үлесімізді қосуымыз үшін жан-жақты білім алуымыз керек. Білім және ғылымды игере отырып,ғана еліміздің абыройын аақақтатарымыз сөзсіз.

Қазір — білекті емес, білімді жеңетін ғасыр. Білімді ғана мұратқа жетер заманда қазақ жастары уақыттарын текке өткізбей, көштен қалмай, жігері мен қайратын жиып алып,тек білімге ұмтылу керек.

    МОЛДАШЕВА  Ақбөпе,                

 Е. Бекмаханов мектебінің 11-сынып оқушысы.

Павлодар облысы, Баянауыл ауданы,

Ұзынбұлақ ауылы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *