TopIQ электрондық оқулығының білім сапасына,оқушылардың үлгерімін арттыруға әсері

TopIQ -цифрлық оқулықтар платформасы, интерактивті тапсырмалары бар мультимедиялық оқу құралы. TopIQ  платформасы әр оқушының жеке қажеттіліктеріне бейімделген оқу материалдарын ұсынады. Сонымен қатар TopIQ  платформасымен бірге дамимыз әрі оқимыз. Біздің мектебімізде TopIQ  платформасын біршама мұғалімдер қолдануда. Мұғалімдер сабақтар мен тапсырмаларды әр оқушының деңгейіне қарай іріктей алады. Бұл оқытудың тиімдірек болуына ықпал етеді.

TopIQ  платформасы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастыққа да әсер етеді. Оқушылар пікірмен, идеялармен алмасып, сұрақтар қойып, мұғалімдерден кері байланыс ала алады. Бұл оқу материалдарын тереңірек түсінуге ықпал жасайды. Сыныптарда TopIQ  электрондық платформасын пайдалану білім беру үдерісін айтарлықтай жақсарта алатынын айтқым келеді. Бұл инновациялық шешім мұғалімдер мен оқушыларға оқуды байыту, жеке қажеттіліктерге бейімдеу және мотивацияны арттыру үшін көптеген мүмкіндіктер береді. TopIQ  сандық оқулықтар платформасы бізге көбірек білім алуға материалды шексіз тыңдауға мүмкіндік береді. Оқушылардың психологиялық тұрғысынан алғанда өзіне деген сенімділігі артты, мұғалім мен оқушы арасындағы виртуалды байланыс тиімділігі жоғарылады.  Олай болса, сабақта электрондық платформасын қолданудың қандай артықшылықтары бар деп сұрақ қоятын болсақ, мұғалім үшін:

сыныптағы барлық оқушыға дайын тапсырма тағайындау мүмкіндігі;

—қосымша материалдар тіркей алу қолжетімділігі;

—Үй тапсырмасын тексере алу сапалылығы;

—Орындалған тапсырмаларды бағалап және комментарий бере алу нәтижелігі;

Ал оқушы үшін:

–ойын арқылы оқытуды жүзеге асыра алады;

–оқытудың жеке траекториясын құруға мүмкіндік алады;

–тапсырманы кез-келген уақытта кез-келген жерде орындай алады;

–жүйе арқылы тапсырманы жіберіп, бағасын ала алады;

–жаңа тақырыпты қалай түсінгенін және оқу материалын бекітіп, өзін-өзі бағалай алады.

    АТКЕЕВА  Дина  Оралбаевна,

Қарағанды облысы, Шет ауданы, Жұмыскер ауылы,

Абай атындағы ЖББМ-нің математика пәні мұғалімі