«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Заң аясында

Ақтөбеде ұрлық жасаған жасөспірімнің әкесі жазаланды

Ақтөбеде ұрлық жасаған жасөспірімнің әкесі жазаланды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Наурыз айының соңында Қобда ауданында тұратын 14 жастағы бала өз бетінше Ақтөбе қаласына барған. Жасөспірім адам көп жиналатын жерге барып, келушілердің бірінің телефонын жасырын ұрлаған. Полиция баладан телефонды тәркілеп, өзін профилактикалық есепке алды. 1 сәуірде Қобда аудандық сотында осы кәмелетке толмағанның ата-анасына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Баланы тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін баланың әкесі сот шешімімен кінәлі деп танылды. Баласының тәрбиесіне бейжай қараған ер адам бес тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды. Полиция барлық ата-ананы бала тәрбиесінде аса жауапты және қырағы болу туралы ескерте отырып, ата-аналық міндеттерді орындамаушылық үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады.

Ақпарат көзі: Polisia.kz сайты

 

Сәйкес жаңалықтар

Абай облысының полициясы мектептердегі терракт туралы жалған ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады

Президент Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңға қол қойды

«Өз құқықтарын бiлуi, адамды әдiлдiккe жeтeлeйді»

farabi shakirti shakirti