«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Заң аясында

БҚО-да пробация қызметінің есебінде тұрған жасөспірімдер ат спорты туристік орталығына барды

БҚО-да пробация қызметінің есебінде тұрған жасөспірімдер ат спорты туристік орталығына барды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамның қозғаушы күші – оның өскелең ұрпағы, яғни жастар. Белсенді, білімді әрі озық ойлы жастардың бар болуы елдің жарқын болашағын қамтамасыз ететіні сөзсіз. Жастар мәселесі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарынан тыс қалмайды. Президенттің бастамасымен қазақстандық жастарға қолдау көрсету, оларды теріс бағыттардан қорғау және жастардың жаңашыл идеяларын жүзеге асыру мақсатында бірнеше мемлекеттік бағдарлама қабылданып, нақты шаралар қолға алынуда. Дегенмен қазіргі таңда елімізде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс та өзекті әрі маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

Тыйым салынған әлеуметтік желілер, жастардың еліктеуі және ата-аналардың олардың тәртібіне жеткілікті көңіл бөлмеуі – осының барлығы кәмелетке толмағандардың қылмысқа жол ашуына себеп болады. Осы мәселеге байланысты  2 сәуірде Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Орал қалалық №1 Теректі аудандық және №1 Ақжайық аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған, қателіктерін мойындап, сотталған кәмелетке толмаған тұлғалар «Nur-Er» ат спорты туристік орталығына экскурсияға апарылды. Бұл шара барысында жастар ат үстіне мініп, садақ ату сияқты белсенді іс-шараларға қатысып, ерекше әсер алды.

Сонымен қатар белсенділік танытқан үш жасқа мадақтамалар табыс етіліп, оларға III, II және I орындар бойынша марапаттар берілді. Алаш қозғалысының қайраткері, ақын және қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев өзінің өлеңдерінде жастарға үлкен үміт артылғанын айтады. Оның шығармалары бүгінгі жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәнге ие, және оларды өмірде дұрыс жол табуға шабыттандырады. Жастар – біздің болашағымыз, олардың дұрыс тәрбиесі мен қолдауы арқылы еліміздің жарқын әрі кемел болашағына қадам басамыз.

Polisia.kz

Сәйкес жаңалықтар

Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау тек саясаткерлердің емес, бүкіл қоғамның ісі

Президент Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы Заңға қол қойды

Ақтөбеде ұрлық жасаған жасөспірімнің әкесі жазаланды