Ең жоғары 140 ұпай жинаған Жәнібек!

Ұлттық бірыңғай тесттен 140 балл жинаған Жәнібек Әбілхан — Түркістан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияның түлегі. Жәнібек 1 сыныптан бастап Ш. Уәлиханов атындағы мектеп-гимназияда білім алып келеді.

Оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуде информатика пәнін таңдаған. Көпбалалы отбасыдан шыққан Жәнібек ізденімпаз, білімді оқушы. Жәнібектің жетістігі — табандылық пен жүйелі дайындықтың нәтижесі.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі