«Ақ кеме»

Шыңғыс Төреқұлұлы АЙТМАТОВ
(1928 жыл 12 желтоқсан–2008 жыл 10 маусым)
Қырғыстанның жалық жазушысы. Қоғам қайраткері, Қырғызстан ҒА, Еуропа ҒА академиясының академигі.
Алғашқы көрген спектаклім «Ақ кеме»
ҚазМҚУ-нің журналистика факультетінің ІІІ-курсында оқып жүрген кезімізде, факультет деканы профессор Темірбек Қожакеев жетекшілік ететін кафедра оқытушысы Тұрымтай Дүйсебаева театрдағы спектакль туралы кез келген жанрда мақала жазып келу туралы тапсырма берді. М.Әуезов атындағы академиялық театрға келдім. Тапсырманың орны бөлек. Театрға келіп, сахнаға кіретін есікке келгенімде:
—Спектакль кешке басталады. Күндіз әртістер қойылымға дайындалады,- деп үлкен апай жөн сілтеп жатты.
Не үшін келгенімді білгенде, телефонмен хабарласып еді, «Администратормын» — (әкімшілік) деген кісіге Университеттің тапсырмасымен келгенімді айттым.
—Онда жүріңіз. Бүгін Ш.Айтматовтың «Ақ кеме» спектаклі болады. Момын шалдың роліндегі Әнуар ағамен сөйлесіңіз,-деді.
—Гримді аяқтасын. Сіз фойеде отыра тұрыңыз,- деді өзін Әнуар Боранбаев деген «шал». Грим жағып алған актерді оқушы кезімде көрген «Гауһартас» фильміндегі жас жігіт Ә.Боранбаев деп ойламадым.
Сұқбатта Қазақстанның халық әртісіне бірнеше сұрақтар қойдым. Әнуар аға оның барлығына асықпай жауап берді.
—Әке жолымен Ауыл шаруашылығы Институтының студенті атандым. Міне, мен әртістік өнерге ойламаған жерден келдім. Шыңғыс Айтматовтың «Ана жер ана» спектакліндегі – Майсалбекті ойнадым,-деп сұқбатын аяқтаған.
Ә. Боранбаев сол күні кешке Ш. Айтматовтың шығармасы «Ақ кеме» спектакліне шақырды. Өзі басты кеіпкер– Момын шалдың ролінде ойнады.
Ш. АЙТМАТОВ
«Ақ кеме»
(Шығармадан бала мен атасы Момын арасындағы әңгімелер, соның ішінде «Бұғы Ана» туралы ертегісінен үзінділер жарияладық.
***Ақ кеме сол жүзген бетімен ұзай берді. Ана басы мен мына басы ат шаптырым көрінетін ол көк жалқын көлдің айнадай жылтыр бетімен, мұржаларынан түтін атып бара жатыр. Балыққа айналған бала оның ізімен қуып келе жатқанын қайдан білсін.
***Ақ кеме ұзай берді. Енді дүрбіден оның мұржалары да еміс-еміс көрінеді. Ұзамай көзден жоғалады-ау. Енді бала әкесінің кемесіне барған хикаяның соңын бір түйінге келтіру керек. Бәрі жақсы-ақ, бірақ аяғын немен білмей отыр. Ол қалай балыққа айналғанын, есік алдындағы өзеннен қалай жүзіп барғанын, кемемен қалай кездескенін, әкесін қалай көргенін, барлығын тамаша келтірді.
***Ақ кеме тым ұзап, енді енді көзге елес болып көрініп, соңғы қарашыққа айналды. Күн суға батып бара жатқандай. Дүрбіден қызылала алаулаған жалын көл бетін жапқанда көз шыдатар емес.
Кеме жоғалды, ғайып болды. Міне, ақ кеме туралы ертегі де бітті. Енді үйге қайту керек.
Енесай – өзен атауы
Бұл баяғыда болған хикая. Сол бір ерте заманда да жер бетінде шөптен ағаш көп екен, шөлден көл көп екен. Суы мұздай өзен жағасын қырғыздың бір тайпа елі жайлапты. Ол өзеннің атын Енесай дейді екен. Ол өзі бұдан алыста-а. Сібір дейтін жерде ағатын көрінеді, осы жерден атты адамның өзі үш жыл, үш айда зорға жетеді. Қазір ол өзенді Енесай деп атайды. Алғашқы аты Енесай ғой.
***Ол күні Енесайдағы қырғыздаар өзінің ақылгой ақсақалын жерлеп жатқан-ды. Ұзақ жылдар қолбасшы болған, талай жорықты бастаған, талай шайқаста жауын жермен жексен еткен Күлше батыр еді. Қисапсыз қанды қырғындардан аман қалған ақылгой батыр о дүниеге атанды.
***Ескі әдет-ғұрып бойынша ақылгой ақсақалдың денесін Енесайдың жағасындағы биік жартасқа апарып, барлығы көтеріп тұрады екен. Өйткені, өлген адамның жаны анасы Енесаймен сөйтіп қоштасуы керек. Ене деген ана деген сөз. Ал сай болса, су ағатын аңғар.
***Дәл сол сәтте көз көріп, құлақ естімеген сұмдық басталды да кетті. Енесайдың бойындағы елдер бір-бірімен қанша жауласқанымен, көсемін жерлейтін күні бір-біріне шаппайтын, ал енді мына жауыздар қаралы қырғыздардың төңірегіне таң атпай ұрланып келеді де, енді жұрт батырдың денесін алып шыға берген кезде жан-жақтан лап қойып бас салады. Жігіттердің бірде біреуі қару алып, атқа мінуге үлгере алмай қалады.
***Сонымен қаншама малды ызғытып айдап бара жатқан жаулар жаңа ғана орманнан келген бір ұл мен бір қызды аңғармайды. Баланың аты бала емес пе, бір ұл, бір қыз таң атпай ата-енесінен ұрланып, орманның ішіне жидек теруге кетіп қалған екен.
***Қырғыз атаулыдан тірі жан қалдырмай көзін жойған жоқ па едік? Ал мен сендерге Енесайды мәңгі бақи жаулап алып берген жоқпын ба? Алдарыңдағы кім екенін көрмей тұрсыңдар ма? Әй, ақикөз ақсақ кемпір, қайдасың? деді хан айқайлап.
***—Сабыр ет, сабыр ет шамалы, кемеңгер әйел! Бейкүнә сәбилерді құрдымға құлата көрме!
—Сен кімсің? Адамның тілімен сөйлеп тұрған қандай хайуанатсың?-деді ақсақ кемпір.
—Мен анамын, Бұғы анамын,-деді ол.—Мен бұлай сөйлемесем, бәрібір сен менің не қалайтынымды түсінбес едің, айтқаныма құлақ аспас едің…
—Мейірімді ақылгой әйел, мына балаларды босат! Бар өтінішім–осыларды маған ертіп жібер.
—Адамдар менің екі лағымды өлтіріп кетті. Енді мен бауырымды жылытар бала іздеп жүрмін.
Қадірлі достар!
Оқиғаның немен аяқталатынын білгің келсе, «Ақ кеме» повесін толық оқы.
Ж.КУЧУКОВА