«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

«BAIQYMYZ» гастрофестивалінің жеңімпазы – Абай облысының қымыз өндірушілері

19 — 20 шілде күндері Астанада ұлттық тағамдар мен сусындарды дәріптеуге арналған ең ірі гастрономиялық фестиваль – «BAIQYMYZ – бапталған қымыз» өтті. Іс-шараға еліміздің барлық өңірінен келген қымыз өндірушілер қатысты. Жалпы жүлде қоры 45 млн теңгені құрады.

Фестивальге 50-ге жуық өндіруші 35 тоннадан астам қымыз әкелсе, оның ішінде Абай облысының өнімі – 6 тонна болды.

Қымыздың жоғары сапасы мен дәстүрлі дайындау технологияларының сақталуы байқау комиссиясы мен келушілер тарапынан жоғары бағаланды.

Бас жүлде – 20 млн теңге Абай облысының «Саржал қымыз Бренд» атауымен біріккен өндірушілеріне табысталды.

Олар: «Жаныс» ШҚ, «Озат» ШҚ, «Барыс Ас» ЖШС, «Ералы» ШҚ,«Биамбеков С.К.» ЖК.

Сонымен қатар, «Күміс торсық» номинациясында Абай облысынан келген «Adil Qymyz» шаруа қожалығы жеңімпаз атанды.

Фестиваль аясындағы бағдарламалар қымыз дайындаудың дәстүрлі әдістерін көрсету, шеберлік сағаттары, қазақы жылқы тұқымдарының көрмесі және ұлттық спорт түрлерінен жарыстарды қамтыды. Атап айтқанда:
– аударыспақ,

–арқан тарту,

– Асау Тәуелсіздік,

– тазы жарысы ұйымдастырылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Бүгін жасөспірімдер арасындағы күрделі мәселенің біріне айналып отыр

farabi shakirti shakirti

Атом электр станциясы әлемнің 32 елінде бар

Ақмарал Әлназарова Қарағандыдағы шабуылдан зардап шеккен дәрігерлерге барды