Жас ақындар жырлары
Қайырымдылық жасаудан жалықпайық
Толқын Жексембиева
Душар болып жалғанның сынағына,
Жандар бар ғой зар болған бір адымға.
Үлдеменен бүлдеге орамай- ақ,
Сен солардың хал- жағдайын сұрадың ба?
Қу тірлікпен қиқулап барамыз да,
Тек пайданы жапсырдық санамызға,
Сен жақсылап көз салшы айналаңа,
Жомарт жандар бар екен арамызда.
Бермесе Алла байлықты күремек кім?
Тағдыр жазса əркімге түнемек мұң,
Кейбір сəтте өзіңді қойып көрші,
Орнына осы бір мүгедектің.
Жан мен тəні жаралы адамдарға,
Көмек бергің бойыңда шамаң барда,
Жақсылыққа жақсылық қайтады əркез,
Тілегіңді береді сағанда Алла.
Жаны жайсаң жандардың жолы даңғыл,
Олар əркез пейіштің жолында тұр,
Қамқор адам Алланың сүйкімдісі,
Олалдыңда арманы орындалсын.
«Ақжайықтың аққуы»
Ақерке Жақсыбергенова
Ақжайықтың аққуы жырда жүзген,
Өлең шіркін досы да, сырласы екен.
Дара кітап әдебиетте Фариза ақын,
Өнердің дариясын жүзіп өткен.
Қазағымды сусындатып жырыменен,
Самғап ұшқан көгімдегі құсым ба ең?!
Ақын апа жырлары бізге нәр беріп,
Бұл өмірді басқа қырдан түсіндірген.
Ақындардың бірі өзің, жарық берген,
Төбедегі жарқыраған жұлдыз- сен ең.
Жырларыңыз тым ерекше, баурап алар,
Жүректерге жылу сыйлар дәру екен.
Жырды сүйген халықтың ұрпағы — сен.
Кей жандарға өлеңіңіз қуат берген.
Поэмалар, поэзиялар, өлең-жырлар,
«Ақын» атты қауымға өзге әлем.
Ардақты ана, аяулы жар бола білген,
Тіл дегенде, сен нағыз майталман ең!
Қалап кеткен ескерткіш өлеңдерді,
Мен барынша сыйлаумен жаттап өтем!
Рухани дос
Айнұр Міркемел
Таба алмадым рухани дос жаныма,
Сыр шертетін, жарылатын ағыла.
Бөлісетін ішімдегі мұңымды,
Түсірмейтін рухани шын құнымды.
Дәл өзімдей әсем әуен тыңдайтын,
Жел тұрғанда, бұтағы да сынбайтын.
Айтшы кімдер шын достықтан ұта алды?
Рухани шын қасиеттер жұталды.
Мұңаймаймын, өкінбеймін алайда,
Өмір алда, күлімдейік жарай ма?
Ссбыр сақтап, адал болған пендені,
Алла өзі бөлейді екен арайға.
Досқа тілек
Айдана Тасбекова
Зор махаббат тілейінші мен саған,
Қазір бәрі жалғыздықтан шаршаған.
Көңіл көктем достық суың іздеген,
Ал адамдар ,шын достықтыаңсаған.
Достым,саған бақ тілеуден шаршаман,
Сенің іңкәр тілегіңе тамсанам,
Өмір — қысқа,сол қысқаны көркейтер
Сенсің — достым,сенсің — құрбым,барша адам!
Дос
Тұрғанбекқызы Әсел
Өмірдің ащысы мен тұшысында,
Мәңгілік бола тұғын ол қасыңда
Дос деген жаратқанның асыл сыйы,
Көтеріп, көмек берер құлағанда.
Орыны әрқашанда биік тұрар,
Биіктік ол дегенің үлкен мұнар,
Бірі у, бірі қу болсадағы,
Жолдассыз күнің сенің қараң болар.
Мейірім, шуақ төккен нұрын,
Шүйірсеңде сен оған қанша мұрын,
Достан артық ешкімді таба алмассың,
Көрсеткен шын достықтың қыр мен сырын.
Сырласып, ақыл айтар жүдегенде,
Көзіңнен ащы-ыстық жас шығатын,
Басыңа қиындық пен күн түскенде,
Бөліп берер ақырғы үзім нанын.
Достарым, бар байлығым өмірдегі,
Бөлшегі болып кеткен жүрегімнің,
Ұдайы бақытты өмір сүріңдерші,
Басы болсын сол менің тілегімнің! https://bilim-all.kz
Баянаула
Өзгеріс Қуанар – 1991 жылы 16-қаңтарда Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген. Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін орта мектебін тәмамдаған. Қарағанды «Болашақ» университеті фиолология факультетінің түлегі.Қатпар-қатпар тастарында сыр тұнған,
Баянаула бағзы мекен құлпырған.
Шың – құзына ғашық болса ұл — қызы,
Шалдарына «Кемпіртасы» бұртиған.
Қойнауында мыңжылдық тар тоғысы,
Оған куə қалмақ — қазақ соғысы.
Қапияда ажал құшқан Жасыбай,
Елге мəлім ерлігі мен мол ісі.
Жүрек жұтқан алпамсадай арысың,
Қолдан бермей қалқан қылған намысын.
Қасық қаны қалғанынша қасқайып,
Қарсы тұрды ар үшін.
Батыр туған баһадүрлер елінен,
Небір жайсаң жерім десе егілген.
Жаяу Мұса жұртым десіп жұлқынып,
Жон арқасы сөгілген.
Сұлтанмахмұт жарық шашты көгіннен,
Шартарапқа күн сəуледей төгілген.
Қараңғылықтың тіліп — тіліп таспасын
Қамшы болып өрілген.
Алаш болды Жүсіпбектің арманы,
(Осы болса, бұл өмірдің бар мəні).
Кенезесі кеуген мына тірлікте,
Опасыздыққа бармады.
Қаныш туып, сақтап қалды байлығын,
Асқақтатып асқар елдің айбынын.
Алтын-күміс, қола-мырыш мысы да
Өзен, тоғай айдынын.
Бодандықтың бодауынан бусанған,
(Адамға жеткізбейді ау қуса арман.)
Мəшһүр Жүсіп келмегенде өмірге,
Дəлдүріштер дінімізге от салған…
https://adebiportal.kz/;
Суреттер:Яндекс; https://ru.sputnik.kz/