Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі, еліміздің Бас ұстазы Ғани Бектайұлымен жүздесу бақыты бұйырды

Бұл – мен үшін асқақ арманның орындалған айшықты сәті!
Күні кеше Елордамыз – Астанада министрліктің кеңсесінен бастап жоғары басшылыққа дейінгі жұмыспен етене таныстым. Әрбір қызметкердің іскерлігі мен жауапкершілігі көңіліме үлкен сенім ұялатты. Осындай мәртебелі міндетті арқалап жүрген министрлік ұжымына толайым табыс пен биік жетістіктер тілеймін.
Ал мен үшін ең үлкен мәртебе – министр мырзаның өз қолынан қолтаңбасы қойылған кітап пен ақжарма тілегі жазылған естелік сыйлығын алуым болды. Бұл – өмірлік тағылым мен сенімнің айқын белгісі. Ғани Бектайұлына айтар алғысым шексіз!
Халыққа білім нұрын себіп, жас ұрпақтың жүрегіне шамшырақ болып жүргеніңіз үшін басымды иемін. Сізге зор денсаулық, асқақ абырой, баянды ғұмыр тілеймін. Мен үшін бұл жүздесу – арманға қанат бітіріп, болашаққа деген сенімді нығайтқан тағылымды сәт болды.
Ринат АҚНИЯЗҰЛЫ,
SDU ІІ – курс студенті