Ұлт сапасын арттыруға саналы ғұмырын арнаған мамандар

ТОҚАЕВ Қасым-Жомарт Кемелұлы,

Қазақстан Республикасының Президенті:

«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз! Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі!».

https://abai.kz/

     Мемлекет басшысы өткен жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялап, еліміздің қуатын әр салада   дамытып, әлеуетін арттыруға аянбай саналы ғұмырын арнаған еңбек адамдарының өз саласындағы жетістігін әділ бағалап, Ақорда төрінде мемлекеттік наградалар тапсырып, жұмысшы мамандығының қаншалықты мәртебелі екенін қоғамға айқындады. Адал еңбек етіп, еліміздің мықты тұғырын тіктеп, экономикасын, руханияты мен мәдениеті, білім саласында жемісті еңбек етіп келе жатқан жандарға құрметпен қарау, олардың еңбегін бағалау — қоғамдағы әр адамның парызы.

Қасым – Жомарт Кемелұлы өткен жылды «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялағаны ең алдымен жастардың белгілі бір мамандықты игеруге ынталандырып, өз саласын жетік меңгеруге серпін берді деп айта аламыз. Еңбектің бағаланатынын, ескерусіз қалмайтынын  Мемлекет басшысы жарлығымен барлық салада үздіктер қатарынан көріне білген мамандарды Ақорда төрінде құттықтап, марапат тапсырғанын айтар едім. Сондай-ақ, елімізде барлық мамандық иелерінің арнайы күні – атап өтетін мерекесі белгіленген. Абыройлы атқа ие болып, марапат пен Алғыс хаттарға ие болған мамандық иелерінің арасында шығысқазақстандықтардың да есімі құрметпен аталуда.

Мәртебелі мамандық иелері дегенде, олардың алдыңғы қатарында ұстаз қауымы мен бала тәрбиесімн айналысатын мектептің кіші қамту қызметкерлерінің болуы заңдылық. Бар балаға қалам ұстатып, білім беріп, ұлттық құндылықтар мәйегіне қанықтыратын білім беру саласы қызметкерлерінің еңбегі қашанда бағалауға лайық. Айталық, Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы. «Жаңа ауыл» ауылындағы «ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі» Қабден  Ақынов атындағы мектептің  ұжымы да бар.

[1] Шығыс Қазақстан — Оңтүстік Сібір мен Алтай тауларын Жетісу және Орта Азиямен байланыстыратын аумақ. Археологиялық зерттеулер бұл аймақта адамдардың ежелгі заманнан бері мекендейтінін көрсетеді. Мұны ежелгі кен өндіру жұмыстарының, суару каналдарының іздері және Алтай тауларында, Зайсан бассейнінде және Сауыр мен Тарбағатай беткейлерінде бүгінгі күнге дейін сақталған көптеген ғимараттардың қирандылары дәлелдейді. Адамдар алғаш рет Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында мұз дәуірінде (орта палеолит) пайда болған, оңтүстіктен алға жылжыған. Бұл неандертальдықтардың шағын топтары — мамонттарды, мүйізтұмсықтарды және бизондарды аулаушылардың іздері аймақтың кейбір ауданы орналасқан маңнан табылған делінеді. https://olketanu.pushkinlibrary.kz

       Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 4 – мамырдағы Жарлығымен Тарбағатай ауданы құрылып, құрамынан аудан орталығы Ақсуатта орналасқан Ақсуат ауданы бөлінді. Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Ақжар ауылына көшірілді. Аудан аймағында  [2] «Қазақстанның Қызыл кітабына» енгізілген кейбір басқа жануарлардың түрлерін сақтау мақсатында 1968 жылы Зайсан ойпатының оңтүстік-батысында Тарбағатай мемлекеттік табиғи қорығы ұйымдастырылды. Қорық аумағында бор дәуіріндегі динозаврлардың қалдықтарынан табылған «Алаулаған адырлар» табиғи ескерткіші орналасқан. Ауданның өндіріс бағыты – ауыл шаруашылығы, негізгі бағыты – мал шаруашылығы. Тарбағатай мемлекеттік табиғи қорығы,  әулие «Ырғызбай-ата» кесенесі, «Бөрітостаған» тауы және «Сеңгір» сауықтыру лагері бар.  Ауданда жалпы білім беретін 34 орта, 4 негізгі орта, 12 бастауыш мектептерінде 8525 оқушы білім алуда. https://invest.e-vko.kz/

Оларға білім беріп келе жатқан әр ұстаздың бала оқытудағы тәжірибесі мен кәсіби біліктілігін  қанша дәріптесек те, орынды. Еңбек адамының қатарында  мыңдаған шәкіртті жаңа технологияларды меңгеріп, олардың әрбірін цифрландыру бағдарламасы мен жасанды интеллектті игеруге машықтандырып келе жатқан ұстаздар мен қызметкерлердің еңбегі бағаланды. Ұзақ жылдардан бері бір салада аянбай еңбек етіп келе жатқан Ырысгүл Базарбекова «Еңбек адамы» төсбелгісімен марапатталып, мектептегі кіші қамту қызметкері Жанар Әзезқызы туралы «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты кітапқа көлемді мәлімет жазылды. Облыстық кәсіподақ ұйымының шақыртуымен кітаптың тұсаукесері рәсіміне қатысып, Жанар өнерін ортаға салды. Қазақ өнерін ауылда өрге домалатуға қосып келе жатқан үлесі бағаланып, Алғыс хатпен марапатталды.

Туған ерге туын тіккен жандардың әр ісі олардың ізін басып келе жатқан ұрпақ үшін өнеге, тағлым. Текті әке, ізгі анадан жаралған ізгі қасиеттерді бойына сіңірген   Жанар Әзезқызы өнер адамы. Ауылдың ажарын әнмен әрлеген Жанар қарапайымдылығымен, жақсыны білуге, үйренуге деген дарынымен, өнегелі істерімен танылған ардақты ана, «Жаңа ауыл» ауылының ибалы келіні. Тынымсыз еңбегі, мамандығына деген құштарлығы оны ауылда қадірлі жандардың қатарына қосылуына жетеледі. Отанасы, ауылға келін, өз ісінің шебері ретінде өзінен кейінгі жастарға үлгі болып, ұлтымыздың салт-дәстүрі, ырым-тыйымдарын сақтауға ауыл аналарымен қатар келе жатқан Жанар Әзезқызына сәттіліктер тілейміз. Бүгінде  ол алтын ұя мектептің жетістікке жетуіне бар күш-жігерін арнап, қазақ халқының киелі аспабы – домбыраны жанына серік етіп келеді.

«ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі» Қабден  Ақынов атындағы мектепті Қасымжанов Асет Какенұлы басқаруда. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік Университетін тарих және география пәні мамандығы бойынша бітіріп, туған ауылындағы мектепте мұғалім, мектеп директорының орынбасары, директор қызметін атқарып келеді. Ұстаздың мектеп басқару

менеждменті бойынша тәжірибесі таратылып, кәсіби біліктілігін арттыруда бірнеше сертификаттарға ие болған.

Мектептің бала оқытудан жалықпай келе жатқан ұйымшыл ұжымына алдағы уақытта да табыс, оқушыларына білімдегі жетістік пен ата-анаға ыстық ықыласымызды білдіре отырып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз!

 БИДАШОВА Жансая Қайратқызы,

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жана ауыл ауылы

«ҚР-ның еңбек сіңірген мұғалімі

Қабден Ақынов атындағы орта мектеп» КММ-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі.

МУСТАФИНА Сандуғаш Азезқызы,

Қоғам белсендісі.

 «Батыр шапағаты», «Ұлт жанашыры»,

«Ана жүрегі» төсбелгілерінің иегері