Жүз(0)бес

Буллинг-агрессия немесе күш көрсету арқылы адамның өзгені қорлауы, үстем екенін көрсетуі. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасай алады. Көп жағдайда ол көрінбейтін,бірақ жүрекке із қалдыратын жара. Осы мәселе жайлы «105» сериалы туралы естіп пе едіңіз? Бұл сериал-жасөспірімдер өмірі, буллинг, қорқыныш пен ар-намыс арасындағы таңдау жайлы әлеуметтік драма.

Бұл телехикаяның атауы неліктен «105» деп ойлайсыз?

Шын мәнінде «105» тек мектеп нөмірі ғана емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіндегі 105-бап, яғни адамды өзін-өзі өлтіруге жеткізгендерге қатысты қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын бап. Автор мектеп ішіндегі қорлау мен қастандық  қанша тағдырдың ойран  болуына әсер ететінін және үнсіздік қандай қайғылы оқиғаларға әкелетінін көрсетуге ниетті.

Сериалдағы қозғайтын 5 маңызды тақырып:

1). Өзекті әлеуметтік мәселе.

Мектептер мен әлеуметтік желілерде күн сайын жүздеген бала мазақ пен қорлыққа ұшырайды да үндемейді.

Ал үнсіздік — шешім емес.

2). Реалисттік оқиға желісі.

Сериалдағы оқиға-өмірден алынған шындық. Бұл жерде нақты таңдау жене оның салдары көрсетіледі.

3).  Ана мен бала ара қатынасы.

Бала өскен сайын арада үнсіздік пайда болып, жасөспірім жеке тұлға ретінде өз мәселелерін өзі шешкісі келеді. Сол кездегі тепе-теңдікті сақтай алу.

4). Тұрмыстық зорлық-зомбылық.

Үй ішіндегі атмосфера баланың тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді, соған қарамастан жақсы азамат болып шығу үшін қанша күш-жігер керек?!

5). Достық пен бауырмалдылық.

Қиын және қуанышты сәтте сыналатын-достық, ал бауырмалдылық-жүректен шығатын қолдау, оны жасанды көрсету қолдан келмес. (дереккөздер: @105serial-тик ток парақшасы).

Оқиғадағы басты кейіпкер-Аслан, қарапайым отбасынан шыққан бала. Әкесі ұлының жақсы білім алуы үшін өмір бойы тынымсыз еңбек етіп, оны беделі жоғары жеке мектепке орналастырады. Бірақ отбасының асыраушысы кенеттен қайтыс болғаннан кейін олардың өмірі түбегейлі өзгереді. Анасы жалғыз өзі қарыздар мен қиындықтарға тап болып, Аслан амалсыздан қарапайым №105 мектепке ауысады. Алғашқы күннен-ақ ол мектептегі жасырын «жүйемен» бетпе-бет келеді. Осы істің бастаушысы  оқушылар арасындағы бейресми лидер-Азамат. Бұл жерде өз заңдылықтары бар: құрметті тек күшпен алуға болады, ал әлсіздер келеке-мазақтың нысанына айналады.

Аслан бастапқыда көзге түспей, үндемей жүруге тырысқанымен, уақыт өте келе үнсіздік оны да кінәлі ететінін түсінеді. Ол «жүйенің» сыныптастарды қалай сындыратынын, оларды не құрбан, не агрессорға айналдыратынын көреді. Оның өмірінде жаңа достар мен алғашқы махаббат пайда болады — ол мектеп иерархиясының көшбасшыларының бірінің қарындасы. Дәл осы қарым-қатынас оны одан әрі осал етеді. Сериал бойы Аслан күрделі жолдан өтеді. Ақырында қорқақ әрі тұйық жасөспірімнен өзін де, өзгелерді де қорғауға дайын тұлғаға айналады.

Кейде біз ойланбаймыз, бірақ тіпті бейкүнә көрінген қалжың да адамды терең жаралауы мүмкін. Ол сыр бермей, ішінен күйзеледі, ал уақыт өте келе ол ауыр салдарға әкелуі ықтимал. Қарапайым сөз біреудің тағдырын өзгертеді. Мұндай сериалдар тек жасөспірімдер оқиғасы емес қоғам айнасы.

МАРАТОВА Сабина,

Абай Ұлттық мектебінің  11- сынып оқушысы,

Республикалық «Farabi shakirti» журналы

мен  www.farabishakirti.kz  желілік басылым

сайтының Жас тілшісі.

Жетекшісі:  Мерзоянова Меруерт Өмірсерікқызы