«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Қоғам

Бір әулет – бір таңдау

Кеше, референдумды қолдап Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Жаңаталап ауылдық округіндегі №180 сайлау учаскесінде ерекше көрініс болды. Бір әулеттен 15 адам түгелдей келіп, референдумда дауыс берді.

Олар учаскеге қазақы ұлттық киім киіп келіп, көпшіліктің назарын аударды. Үлкендер де, жастар да бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Бір отбасының осылайша түгел жиналып, ел болашағына қатысты маңызды шешімге қатысуы көпшілікке үлгі болды.

Учаскеге келген адамдар да бұл сәтті қызыға тамашалап, жылы пікірлерін білдірді. Мұндай ұйымшылдық пен бірлік ауыл тұрғындарының белсенділігін көрсетеді.

Бір әулеттің 15 адам болып бірге келіп дауыс беруі – бүгінгі референдумдағы есте қалған ерекше сәттердің бірі болды.

Нұрайна ТАҢАТАР,

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,

«Абай атындағы жалпы орта мектебінің»  10-сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Адам эмоциясы қалай пайда болады?

farabi shakirti shakirti

Ұлттық валютаның бейнесін жасаған шеберлер

Асқарым бар, өте биік әке деген…