Сезім шіркін

Сақталған сұлу жүзің көз алдымда,
бір көргеннен таңданып қалғаным ба?
Сендей болса сұлулықтың символы,
мәңгі кетпес көзімнің жанарында.
***Көрмеппін бұлай бұрын ғашық болып,
көрген сәтте шаттанып, тасып толып.
көз алдымда күлімсіреп күлгенің,
Төгіліп, шуақ шашқан арай жүзің.
***Көздеріңнен көремін жұлдыз нұрын,
Жүрегіме сыйлаған тәтті жырын.
Сеніменнен өткізген әрбір сәтім,
Ұмыттырды өмірдің барлық мұңын.
***Сезім шіркін тасыған бұлақтайын,
Жанарыңды лапылдап тұрған айың.
Қол ұстасып бақытқа бірге барсақ,
тағдырымыз болмай ма жарық лайым.

ТІЛЕПБАЙ Саян Режепбайұлы,
Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы,
«Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп-лицейінің»
10 «Ә» сынып оқушысы.
Жетекшісі: Танысхожаева Гулбайра Беделханқызы
Сурет: https://qalamger.kz/





