Қаршыға Ахмедияров ағаның туғанына — 80 жыл

Сурет: «qazaqstantv» инстаграм желісінен
80 жыл: домбыра күйіне толы ғұмыр
Өнер сүйген адамның өмірге деген құлшынысы ешқашан кемімейді. Өміріндегі әр кезеңді бойындағы ерекше қасиеттерді пайдалана отырып бейнелейді. Өнер адамы болу-жаныңдағы жара мен сүйіспеншілікті әуен мен күй арқылы жеткізе білу. Олар қоғамда ерекше естеліктердің бірі болып қалады, халық аузында нағыз шығармашыл адам деп таралады. Солардың бірі күйлері осы заманға дейін жеткен, саусағының ізі домбырада қалған қазақ елінің әйгілі күйшісі — Қаршыға Ахмедияров.
Қаршыға Ахмедияров — қазақтың көрнекті күйші-домбырашысы, күй өнерін жаңа деңгейге көтеріп, оның маңызын асқақтата білген қасиетті тұлға. Домбыра-ол үшін жай құрал емес, қазақ халқының дәуірлеп жинаған тарихының көрінісі. Дәстүрлі күйлерді шертіп те, зерттеп те отырды. Өз заманында шығармашыл жан ретінде дәріс алып, оны келесі ұрпаққа үйретіп кетті.
Өмір жолы: Қаршыға атамыз жастайынан Атырауда туып-өскендіктен күйдің ортасында бейімделген тұлға. Әлімұлы Шекті руынан шыққан күйші. Ол 1946 жылы 25 наурызда дүниеге келген Атырау облысының тумасы. 1967-1991 жылдары Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, дирижер қызметтерін иеленген. Өнер қуған жолында гастрольдік сапармен Франция, АҚШ, Италия секілді елдерде болып, домбыра күйін күллі әлемге паш еткен. 1982 жылы ҚР мемлекеттік сыйлығының иегері атанып, 10 жылдан соң «халық әртісі» атағын алды.
Шығармашылығы: Атақты домбыра шертер күйшіміздің өнері қоғамның әр бұрышында жатыр дерлік. Оның күйлері ойналып қана қоймай, ХХІ ғасырдың әлеуметтік желілерінде көрініс тапты. Google қосымшасында «Арпалыс», «Сағыныш сазы», «Шабыт», «Жыр күйі» тағы да басқа туындылары жетерлік. Ол жай аудиоға жазылған күйлер ғана емес, өмірдің неше-түрлі тұстары мен мән-мағынасын зерттеген тақырыптар. Табиғат үні мен өмір көріністері оған шабыт беретін еді. Ал елі мен жұртына деген махаббатын күйлерінің әр нотасында сезілетін-ді. Болашаққа қадам басқан заманда атамыз үшін классикалық күйлер мен жастарды қызықтырар стильдер негізгі нысан болды.
Қаршыға Ахмедияров — тек күйші емес, ұлт рухын домбыраға сүйене асқақтата білген тұлға. Өмірін домбыраға арнап, оны зерттеуге, Құрманғазы атамыздың ізімен кетіп, шәкірттеріне үйретуге жұмсай білген күйші қоғамның ұмытылмас қайнар көзі. Оның мұрасы-ұлттық қазына. Ал күйлері әр тасжүректі жылыта білген.
Айдана КОПЖАН,
«№2 Мәртөк мектеп-гимназиясының» 10 «Б» сынып оқушысы.
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым сайтының Жас тілшісі
Жетекшісі:Көздіғарина Рита,
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы





