Қауіпсіз интернет: балалар нені білуі керек?

Сурет:https://27mektep-akt.edu.kz/qawipsiz-internet/

Интернет  – білім мен ойынның көзі. Бірақ дәл осы жерде ең қауіпті жағдайлар да жасырын болуы мүмкін. Күнде жаңа пайдалы қосымшалар, wi-fi арқылы байланыс, аудиохабарласу мессенджерлер арқылы енгізілуде. Заман жаңа технологиялар үрдісіне қарай дамуда, құжатты үйден-ақ жасап апара аласыз ХҚКО-да тұрмай — ақ бұл өте тиімді, әрі үйден кез-келген тауарға тапсырыс бере аласыз, дүкенде сонар кезекте тұрмай-ақ. Үлкендер болса әлі де интернетпен жұмыс істеуді игере аламауда. Есесіне  Альфа буыны 4 жастан бастап ұялы телефоннын қыр — сырын біледі, гаджетті ашқанда ойындар мен музыканы қосуды жақсы біледі.  Бала өсу-даму процессінде ЖИ мен түрлі қосымшаларды танып, білгісі келеді, бірақта оның жаман мен жақсысын ажырата алмай, алаяқтарға ұрынып жатады.

Бала интернетке кіріп, белгісіз адаммен хат алмасуы мүмкін, ал салдары өте ауыр жағдайға алып келіп соғатынын ескермейді. Сол үшін де ата-аналардың көбі балаларының ұялы телефонадарына бақылау орнатқан, демек ата-ана баласының қандай қосымша да отырғанын, кімге қоңырау шалғанын біле алады, яғни үнемі мониторинг жасап отыра алады.

Кибербуллинг, киберқауіпсіздік туралы көп естіген боларсыз?!

Қазіргі таңда өзекті терминдер. Кибербуллинг дегеніміз қарапайым тілмен айтқанда, әлеуметтік желідегі адамдардың бір адамға деген этикаға сәйкес емес, адамның жеке шекараларын бұзатын сөздер. Ал киберқауіпсіздік интернеттегі батырларға қолданатын қарсы шаралар, олар адамның намысына тиетін сөздер айтатын тұлға, тек ғаламторда бар, ал өмірде жоқ.

Кез-келген бала менің ойымша 12-13 жастан кейін ғана ұялы телефонға қарау керек, ал менің бұл ойыма дәлел бар..

Көптеген әлеуметтік желілер мен ойын платформаларының пайдалану ережелері 13 жасқа дейінгі балаларға өз аккаунттарын жасауға тыйым салады. Нәтижелер көрсеткендей, 9-10 жас аралығындағы балалардың 60 пайызы, ал 11-12 жас аралығындағы балалардың 66 пайызы әлеуметтік желілер мен ойын платформаларында өз аккаунттарына ие.

Бұл көрсеткіш бізге онлайнда қауіпсіз болудың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Қауіпсіздік ережелері:

  1. Жеке ақпаратты жарияламау: аты-жөнің, мекенжайы мен оқыған мектебін атамау.
  2. Бейтаныс адамдармен сөйлеспеу: егер белгісіз адам хабарласса, ешқандай ақпарат бермеу.
  3. Күмәнді сілтемелерге кірмеу: тек ресми сайттар мен платформаларды қолдану.
  4. Уақытты шектеу: ұзақ уақыт онлайнда болмау, үзіліс жасау.
  5. Қиын жағдай туындаса, айту: ата-анаға немесе мұғалімге хабарлау.

Қорытындылай келе біз нені түсінеміз?

Интернет – қызықты әрі пайдалы құрал, бірақ сақтық шараларын ұстанбасақ, қауіпке ұшырауымыз мүмкін.

КЕЛЬДЫБАЕВА  Алуа Тулегенқызы,

Алматы облысы, Қарасай ауданы

«Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицейінің»

11 «Г»  снып оқушысы.

Шығармашылық жетекшісі: Сайын Аида Меңдібайқызы,

директордың  ғылыми-әдістемелік  жұмыстары  жөніндегі  орынбасары

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1.ЮНИСЕФ және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі.

Қазақстандағы балалардың цифрлық өмірі: сын-қатерлер мен мүмкіндіктер. Зерттеу есебі.

2.Common Sense Media. (2019).