«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Мен жіберген қателіктерді сен қайталама

Сурет; «В контакте – терең мағыналы сөздер».

Мен 11-сынып оқушысымын. Барлығы білетіндей, 11-сынып – өте қарбалас кезең. Әлі мектепті бітірмесем де, осы сыныпта ҰБТ-ға дайындық жолымдағы қателіктерімді бөліскім келеді.

Тамыз айында әлі мамандық таңдамаған едім, бірақ ойланып жүріп журналист боламын деп шештім. Журналист болу үшін шығармашылық емтихан тапсыру керек екенін білдім, ал ҰБТ-да оқу саутылығымен «Қазақстан тарихы» пәнінен дайындалу қажет екен. Сол үшін ең алдымен «Қазақстан тарихы» пәнінен курсқа жазылдым. Курс қыркүйектің 8-інде басталады деп естігенде асыға күттім, және сол күн де жетті.

Алдымен сынақ ҰБТ тапсырып көрдім, 15 бал алдым да көңіл-күйім түсті. Бірақ курс соңына дейін көтеремін деп ойладым.

Курс өте жоғары деңгейде оқытады: кураторлар әр оқушының тапсырмаларын бақылап, дайындығын қадағалайды. Басында ештеңе түсінбейтінмін: жазулар, жылдар, адам аттарын жаттау өте қиын болды. Бірақ уақыт өте келе үйреніп кеттім.

Менің ҰБТ-ға дайындықтағы ең үлкен қателігім – оқулықтарды оқымауым болды. Сонымен қатар тапсырмаларды өзім үшін емес, куратор үшін, баға үшін немесе рейтингтің басында тұру үшін орындауым да үлкен қателік екен.

Қаңтар ҰБТ-ға тіркелетін күн де жетті. Тіркелдім. Бір апта қалғанда нұсқа талдап, тесттер шешіп жүрдім. Тест күні келді , мен бірінші оқу саутылығын ашып, 10 минут ішінде аяқтап, тарихқа көштім. Қазақстан тарихын 20 минутта аяқтадым да, енді менде 40 минут қалды. Не істерімді білмедім: тек аяқтап шығу ма, әлде сұрақтарды қарап шығу ма? Соңғысын таңдадым да, жауаптарды қайта қарап, дұрыс деп ойлағандарымды ауыстырдым.

Нәтижесінде 24 балл алдым. Қуандым – ойлағанымнан жоғары болды. Бірақ, осы жердегі бір қателігім сұрақтардың жауабын ауыстыруым болды.

Осыдан кейін түсіндім: адамның интуициясы алдамайды екен.

ҰБТ-ға дайындықтағы негізгі қателіктерім:

Оқулық оқымау – бұл ең үлкен қателік. Оқулық оқыған адам ғана ұбтдан жоғары бал алады. Жалпы оқулық оқу жоғары балдың, гранттың – кілті.

Курсты куратор үшін оқу – тапсырмаларды өз білімімді арттыру үшін емес, тек куратор, баға немесе рейтинг үшін орындау.

Мамандықты кеш таңдау –тамыз айында әлі мамандықты нақты анықтамай, дайындыққа кеш кірісу.

Нұсқа талдауды,қайталауды кеш бастау – соңғы аптада ғана белсенді дайындыққа кірісу.

Бір тақырыпты толық түсінбей, келесі тақырыпқа өту.

Енді осы қателіктерден сабақ алып, тапсырмаларды тек өзім үшін орындап, әр тақырыпты жақсы түсінуге тырысамын. Бір тақырыпты толық меңгермей, келесіге өтіп кетпей, әр тақырыпқа зейін қойып дайындаламын. Тәртіп  мен жоспарым мені мақсатқа жеткізетініне сенемін.

ТҰРДЫБЕКҚЫЗЫ  Гүлбақ,

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,

Толқын ауылы, «Толқын орта мектебі» КММ

11 «Ә» — сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Өлмейді бірақ өлеңім!

Лудомания: Қазақстандағы құмар ойындардың зардабы

farabi shakirti shakirti

Семейлік полиглот оқушы Гонконгқа оқуға түсті

farabi shakirti shakirti