«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Ғибрат

76 жастағы атаның таңғаларлық сапары

Сурет:ЖИ, жолдаған автор

Саяхат – кейбір жандар үшін жай әуестік емес, өмірдің мәні. Әлемнің сұлулығын өз көзімен көруді армандаған жан ешқашан жолда тоқтамайды. Мұны 76 жастағы қария дәлелдеді: ол жаяу жүріп, Парижді бағындырды.

Сәрсенбай Қотырашев атты ақсақал жаяу саяхатын бастап, жолай бірнеше елді де көріп үлгерген. Атап айтқанда, Сербия, Венгрия, Австрия және Германия мемлекеттері. Айта кетсек, Францияның астанасы Парижге жету жолы 53 күнге созылып, шамамен үш мың шақырым жаяу жүруді мақсат еткен.

Сәрсенбай ата – Ұлытаудың тумасы, «ULYTAUMAN» лақап атымен танымал. Оның айтуынша, бұл қарияның төртінші ірі сапары. Парижге жаяу жету оңай болмаған: шекарадан өту және өзге де түрлі қиындықтар кездескен. Дегенмен, қайсар жан барлық кедергіні еңсеріп, мақсатына жетті.

Парижде ақсақалды қазақ жерлестері мен бірқатар беделді азаматтар салтанатты түрде қарсы алды. Елге оралған соң, Сәрсенбай ақсақал келер жылы тағы бір ірі сапарға шығуды жоспарлап отыр.

 ДАУКЕЕВА Алима,

Алматы облысы, Қарасай ауданы,
«Ұлан орта мектебі» 11 – сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

Рух пен дала- тарихта бірге жаралған қос ұғым

«Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – күллі халқымызға қастерлі нышандар»

«Бақытқа жету жолы — қандай?»

farabi shakirti shakirti