Сурет ашық дереккөзінен алынды.
Керісінше, дос болуды тек жануарлармен ғана жөн көрді.
Бұл ақпаратты жақында тамашалаған «Майкл» атты киносынан білдім. Көпшілікке белгілі Майкл Джексонның музыка әлеміне ықпалы соншалықты жоғары дәрежеге ие, тіпті оны халыққа жеткізудің бірден-бір жолын кино түсіріп, көрсету арқылы лайық деп есептеді. Дегенмен, бұл фильмның толық мәнін ұғыну үшін ең алдымен Майклдың тұлғасына тоқталған абзал.
Майкл Джозеф Джексон — Америкалық әнші, «Поп-музыканың королі», әндердің авторы, биші. 1958 жылдың 29 тамызында Индиана штатындағы Гэри деген қарапайым өнеркәсіптік қалада дүниеге келді. Ол қатал кран машинисі Джозеф пен мейірімді кассир Кэтриннің тоғыз баласының жетіншісі болды. Ол музыка әлеміне бесіктен бастап-ақ араласа бастады. Бала кезінен өте талантты екені байқала бастаған, ерекше дауысы, би билеу өнері, сахнадағы іс-әрекеті, осы салада өзін қалай ерекше танытатыны барлығы Майклға тән еді. Фильмде оқиға осыдан басталады.
1966 жылы Джозеф Джексон Индиана штатының Гэри қаласында бес ұлын біріктіріп, «The Jackson 5» атты музыкалық топ құрады. Топтың ең кенжесі Майкл Джексон басты вокалистке айналады. Қатаң тәртіп пен үздіксіз жаттығулардың арқасында топ көп ұзамай сахнаға шығып, Motown студиясымен келісімшартқа отырады. Олардың әндері хит-парадтарды бағындырып, концерттері адамға толы залмен өтеді. Осы табыстың нәтижесінде отбасы Калифорниядағы Энсиноға көшіп келеді. Motown негізін қалаушы Берри Горди Майклдың болашағы зор жұлдыз екенін ерте аңғарған еді.
1978 жылы Майкл Epic Records компаниясымен келісімшарт жасап, продюсер Куинси Джонс көмегімен Off the Wall альбомын шығарады. Альбом сәтті шыққанымен, әкесі оның жеке жолын таңдауына кедергі келтіреді. Ақыры, Майкл батыл шешім қабылдап, өз бағытын өзі анықтай бастайды.
1982 жылы жарық көрген Thriller альбомы оны әлемдік деңгейдегі жұлдызға айналдырады. Атап айтқанда, «Beat It» сияқты әндер үлкен танымалдыққа ие болды. Бұл альбом музыка тарихындағы ең көп сатылған туындылардың біріне айналып, Майклдың есімін аңызға айналдырды.
Алайда табыспен қатар қиындықтар да болды. 1984 жылы Pepsi жарнамасын түсіру кезінде пиротехника салдарынан Майкл ауыр күйік алады. Кейін ол өтемақыны қайырымдылыққа бағыттап, мейірімділік танытады.
Уақыт өте келе Майкл отбасылық топтан кетіп, жеке шығармашылығына толықтай бет бұрады. Оның мансабының шарықтау сәттерінің бірі – 1988 жылғы Bad Tour аясында Уэмбли стадионы сахнасындағы тарихи өнер көрсетуі болды.
Осылайша, Майкл Джексон өз дәуірінің ең ұлы әртістерінің біріне айналып, музыка әлемінде мәңгілік із қалдырды. Осы оқиға өмірден алынғандықтан жұлдыздың шын өмірі мен фильмдегі сюжет қатар бірдей.
Алайда, фильм тамашалап жатқан кезде маған балалық шағындағы сәттер есте қаларлықтай болды. Жұлдыз кіші жасынан ақ танымал болып, елге әйгілі болып жүргенде, оның басқа балалар секілді мектепке баруға, қыдыруға, көңіл көтеруге, ойнауға және тағыда басқа көбінесе балалардың айналысатын қызығушылығынан бас тартуына тура болады. Сол сәттен кішкентай бала өзімен қатарлас балалармен араласпайтынын байқаған анасы Майклдан үстел алдында сұрақ қояды
—Неге өзің секілді балалармен дос болмайсың?!.
—Мам, мені балалар дос ретінде қабылдамайды, мені көргенде олар тек ұялы телефондарын алып шығып суретке түсіре бастайды, қол қоюды сұрайды. Маған жануарлармен достасқан жеңіл көрінеді, олармен мен өзімді досым бардай сезінемін, достығымыз ажырамайды, атағы бар адам ретінде емес қарапайым бала ретінде көреді, күнде сөйлесе береміз, ойнаймыз, күнімізді қызықты өткіземіз, кейде маған осы жеткілікті, — деп жауап береді.
Майкл өзі жануарлар әлеміне қатты қызығушылық танытып, жас қоса ол өзгермей, керісінше ұлғайып, өзінің үйін сәл болмағанда хайуанаттар бағына айналдырар еді. Әнші әлемге қанша даңқты болса да, өссе де, өңсе де оның сахнада көрсетілмейтін ішкі әлемі: арманы, қызығушылығы мен сүйікті дүниелері оны әрқашан жылытып, осы қатыгез өмірінен сақтап, адам кейіпкерін сақтап қалады.
МАРАТОВА Сабина,
Абай Ұлттық мектебінің 11- сынып оқушысы,
Республикалық «Farabi shakirti» журналы
мен www.farabishakirti.kz желілік басылым сайтының Жас тілшісі
Жетекшісі: Мерзоянова Меруерт Өмірсерікқызы
