«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Шығармашылық

Саяхат арқылы сезілген өмір

Сурет: ЖИ, жолдаған автор

Әлем — әр адамға бөлек хикая. Оны көрген сайын кеңейеді. Бір билеттен басталған оқиға әрі қарай жалғасын таба береді. Әр саяхат — ұмытылмас тарих. Кей адамға әлеммен танысу мүмкін еместей көрінетін шығар. Алайда, саяхат — терезеден басталатын арман. Сенің әрбір қаладан алған әсерің көзқарасыңды түбегейлі өзгертеді. Жаңа шабыт, естен кетпес эмоция, жылы атмосфера.

Менің кеткім келгені емес, көргім келетіні көп. Атқан таңымды басқа қалада қарсы алғым келеді. төлқұжаттағы мөрлер мен жүректегі өшпес сезімді көбейту — басты мақсатым.

Саяхаттау ең әдемі, пайдалы тәуелділік болса деймін. Мен үшін ұзақ жолдың романтикасы: музыка, тыныштық әрі сыртқы көрініс. Ұшақтағы әрі пойыздағы уақыт мен үшін бөлек сәт. Жол үстіндегі өмір өте өзгеше. Түрлі ойлар келіп,кетеді. Мендік талпыныс — осы сезімдерді шексіз сезіну.

Құпияға толы көшелер мен қалаларды аралау бөлек әңгіме. Ойлашы, өзге ұлттың мәдениетімен танысуды бастап кеттің. Әртүрлі адамдарды жолықтырып, біліп білмейтін мәліметтеріңді естідің. Саяхаттаудың вайбын сезіне бастадың. Таңғы шуақ, теңіздің толқын дыбысы. Әр қаладан естелік жинауды бастайсың. Күн нің батуы, қала шамдары, кешкі серуен. Осылай әлемді сезінесің. Тынысың ашылып, көкжиегің кеңейеді. Өз жүрегің қалаған бағытты табасың. Ендеше, әлемді көруге асығу керек.

Жаңа қала — креативті сен. Көкжиекке қарай бет алуда уақыт өзгеше өтеді. Жер көріп, ел танудан адам ерекше шабыт алады. Мен әлемді Google — дан емес, өз көзіммен көргім келеді. Себебі, сапар арқылы өз өміріңді түрлі түске бояу оңай.

НҰРЛАН  Аружан  Мәлікқызы,

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы

«С.Керімбеков атындағы орта мектептің»

11 «А» сынып оқушысы

Сәйкес жаңалықтар

МҰҚАҒАЛИҒА АРНАУ

farabi shakirti shakirti

Ғибратын көңілге тоқиық! 

farabi shakirti shakirti

Моя будущая профессия

farabi shakirti shakirti