Қателікті әр адам әр түрлі қабылдайды. Бір адам қателікті сәтсіздік ретінде танып, «бұл менің қолымнан келмейді» деп өзіне сенімсіз болып, бұл сала менікі емес деп тыстап кетеді. Ал бірі қателікті сабақ ретінде көріп, қай жерден қателескенін зерттей бастайды және әрі қарай дамуына қадам жасайды.
Қателік — адамның өмірінің бір бөлшегі. Қате жібермей адам ешқашанда үлкен жетістікке жете алмайды. Сіз адамсыз сол себепті де қате жіберу ол қорқынышты немесе ұялатын зат емес, керісінше сіз сол қате жіберген жеріңізбен жұмыс жасап, тәжірибе жинап, жаңа қадам жасайсыз. Ал сәтсіздікке келетін болсақ, бұл қате жіберуден қорқу, әрекет жасамау яғни тоқтап қалу дегенді білдіреді.
Мысалға Томас Эдисонды алайық, ол электр шамын ойлап табу үшін 1000 -нан аса сәтсіз эксперимент жасаған. Томас Эдисон былай депті «Мен сәтсіздікке ұшыраған жоқпын,мен 1000 жолдың жұмыс істемейтінін білдім».
Ал бәріміз білетін Майкл Джорданның де өз оқиғасы бар. Майкл Джордан мектеп командасынан шығып қалған алайда жаттығуын жалғастырып, қазір бәріне танымал баскетболшы болды. Жас кезде қателесу қалыпты жағдай ретінде саналады. Жас кезде адам өмірлік тәжірибе жинайды. Адамның жас кезі сынауға,үйренуге,бағыт табуға таптырмайтын уақыт. Егер адам талпынып,қателік жасаса бұл ізденістің белгісі. Ең қажетті кеңестердің бірі ол «қателесуден қорықпа, әрекет етпеуден қорық».
СӘТБАЙ Мәншүк,
Ақтөбе қаласы,
«Смарт-Білім» мектеп-гимназиясының 11 — сынып оқушысы.
Шығармашылық жетекшісі: Әйгерім Есімхан,
«Алатау» телеарнасының тілшісі
