«Farabi Shakirti» мектеп мұғалімдері мен орта және жоғары оқу орындары оқытушыларына, сала мамандарына, магистранттар мен жасөспірімдерге арналған Республикалық желілік басылым-сайты
Болашақтың тірегі-кемел ұрпақ

Менің арманым

Мен бұл өмірге бекер келмегенімді сеземін. Әр адамның өмірде өз жолы, өз миссиясы болады. Менің жолым — халқыма қызмет ету, елімнің дамуына, қазақ деген елдің әлемге танылуына үлес қосу. Қажет болса, халқымның жолында жаным да құрбан. Себебі туған елдің болашағы — мен үшін бәрінен биік.

Менің арманым — білімді, рухы мықты, елге пайдасы тиетін тұлға болу. Болашақта Қазақстанның дамуында бұрын-соңды болмаған масштабтағы ұлы бетбұрыс пен рекордтық нәтиже жасағым келеді.

Мен болашақта әлемдік деңгейдегі журналист, дипломат, әнші әрі жазушы болғым келеді. Осы төрт арнаны бір үлкен мақсатқа тоғыстырып, елімнің атын әлемге танытқым келеді.

Мақаламды «Арманымның бәрін жазсам, бір параққа сыймас еді…» деген Қожаның сөзімен аяқтағым келеді.

ДОСЫМ  Ұлдана,

Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы,

 Көкарық ауылы, «Жамбыл атындағы орта

мектептің» 11-сынып оқушысы.

Жетекшісі: Молдабекова Дана Жандарқызы,

қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Сәйкес жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «Болар бала бесігінде бұлқынар», — деп Айдындай алысқа қараған балаға айтса керек

Атыраулық 5 жасар шахматшы ел чемпионы атанды

Лондондағы «балапан»